Арыс өрт сөндіру пойызы 5 гектар аумақты шарпыған өртті сөндірді

Қауіпсіздік
16.01.2026, 08:25
Суреттерді түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс станциясында орналасқан ПП-28 өрт сөндіру пойызының кезекші бөліміне 2026 жылғы 13 қаңтарда таңғы сағат 03:38-де Арыс – Монтайтас тас жолы бойында орналасқан «ҚаратауТрансСервис» компаниясының мұнай базасында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт мұнай өнімдері сақталған резервуарлар аумағында орын алған.

Апатты жағдайға байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі Шымкент станциясындағы орталық пунктке хабарласып, өртті сөндіруге қосымша күш сұраған. Сол себепті Арыс станциясынан ПП-28 өрт сөндіру пойызының ұжымына дабыл қағылып, шұғыл түрде оқиға орнына аттанды.  

Өрт сөндіру пойызының мамандары оқиға орнына сағат 04:47-де жедел жетіп, қас-қағым сәтте көбік беруді бастап кетті. Мұнай базасының қызметкерлері насос жүйесіне мұнай өнімдерінің берілуін тоқтатып, вентильдерді жауып, өрттің одан әрі таралуының алдын алды.  

– Жедел әрі үйлесімді әрекет ету нәтижесінде біз өртті 04:59-да оқшаулап, 06:38-де тілсіз жауды толықтай сөндірдік. Өрт аумағы шамамен 5 гектар жерді қамтыды. Жақын маңда орналасқан 5 ірі және 4 шағын резервуарға қауіп төнгенімен, олардың барлығы аман сақталды, – дейді Арыс өрт сөндіру пойызының бастығы Әлімжан Есқараұлы.  

Оқиға орнында 60-қа жуық өрт сөндірушілер жұмыс істеп, 10-нан астам түрлі техника жұмылдырылған. Оның ішінде Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшенің 33 маманы мен 5 бірлік техникасы, Арыс өрт сөндіру пойызының 12 қызметкері, 44 859 әскери бөлімінің 8 қызметшісі мен 2 бірлік техникасы қатысқан. Ал өртті сөндіру үшін 58 тонна 632 литр су мен 1152 литр көбік пайдаланылған.  

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен зақымдану деңгейі, келтірілген материалдық шығын көлемі мен сақталған мүліктің бүліну деңгейі Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы комиссиясы тарапынан тексерілуде.  

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді