Көне паровоз вокзал алаңына қойылды

Темір жол тарихы
02.09.2022, 10:35
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 25 жылдығы мен Конституция күні қарсаңында Тараз қаласының теміржол вокзалы алаңына көненің көзі – ескі паровоз ескерткіші орнатылды.

Тарихи жәдігер осыған дейін локомотив депосының ауласында тұрғанын, теміржолшылар оны көпшілік үшін көрнекі жер – вокзал алаңына орнату үшін қалаға тарту етуге шешім қабылдағаны туралы жазған болатынбыз. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тұсында көне Тараз шаһары қайта түлеп, теміржол вокзалы да жөндеудеп өтіп, айналасы толық абаттандырылған. Бүгінгі күні ондағы аллеяда тұрған ескерткіштер көздің жауын алады. Енді, жамбылдық жеті мыңға жуық теміржолшылардың мақтанышы болған ескі паровоз Тараз вокзалының алдындағы алаңнан орын теуіп, көне шаһардың көркін одан сайын арттыра түсті.  

Мәдени мұраны орнатуға бюджеттен қаражат бөлінбеген, барлық шығынды жамбылдық кәсіпкерлер өз мойнына алған. Пәленбай мың тонналық алып машинаны вокзал алаңына алып келу үшін арнайы рельс төселіп, кәдімгідей темір табанды жолмен жүріп келгені де естен кетпейтін қызық оқиға болды. Осыдан 70-80 жыл бұрын Коломенск   зауытында шығарылған паровозды келешекте мәдени ескерткіштер тізіміне алу мәселесі де қаралмақ.  

Көне шаһардың бас темір жол қақпасы алаңында осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған аллеядағы ескерткіштер қатарын толықтырған көнекөз паровоз ескерткішінің ашылу салтанатына қала басшылары мен тараздықтар, теміржолшылар қатысты.  

Құрметті теміржолшы Қалтай Сәмбетов, Асқар Сәрсенбеков бастаған ардагерлер арнайы келіп, Кеңес одағының локомотив құрастырушы инженері Лев Лебедянскийдің аталған паровозды құрастырып шығудағы еңбегі, жәдігер тарихы жайлы естеліктер айтты.

 

Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады