Шежірелі шойын жол тарихы

Темір жол тарихы
16.06.2026, 09:00
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

120 жылдан астам тарихы бар Қазақстан темір жолының бай тарихына шолу жасайтын болсақ, ол өткен ғасырдың басында 1901-1904 жылдары тартылған Орынбор-Ташкент магистралінен бастау алады. Қазақтың кең сахарасын тіліп өткен шойын жолдар мен түтіні будақтаған ащы дауысты паровоздар легі – кешегі тарих.

«Нұрлы жол» вокзал кешенінде ашылған мұражайды алғашқы тамашалаушылар қатарында шойын жолдың ғасырлық тарихының тамырына үңіліп, тағдырына қанықтық. Теміржол мұражайының көздеген мақсаты – заманауи музей технологиялары арқылы ел теміржолы тарихын сақтау, зерделеу және дәріптеу, мәдени-білім беру ортасын дамыту және өскелең ұрпақтың инженерлік, көліктік және техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын қалыптастыру десек, біз көріп, куә болған шежірелі қазына ол идеяның жүзеге асқанын айғақтайды.  

Музей тарихи жәдігерлерді сақтау орны ретінде ғана емес, сонымен қатар тарихты, технологияны, ғылымды және ағартушылықты біріктіретін қаланың заманауи мәдени-білім беру алаңы ретінде де құрылған. Ол – тұрақты экспозициядан басқа балаларға, студенттерге, мамандарға және теміржол саласының тарихы мен дамуына қызығушылық танытқандарға арналған дәрістер, музей сабақтары, кәсіптік бағдар беру бағдарламалары, уақытша көрмелер, білім беру жобалары, сарапшылармен кездесулер мен тақырыптық іс-шаралар өткізілетін орын. ҚТЖ білім беру мекемелерімен, зерттеу ұйымдарымен, мәдени институттармен, туристік компаниялармен, креативті индустрия өкілдерімен және Қазақстанның қазіргі заманғы музей кеңістігін дамытуға мүдделі барлық адамдармен ынтымақтастыққа ашық.  

Атшаптырым алаңды алып жатқан мұражай классикалық формат пен заманауи цифрлық технологияларды шебер үйлестірген. Экспозицияда Ar және VR – кеңейтілген және виртуалды шынайылық технологиялары, интерактивті панельдер, мультимедиялық экрандар, тренажерлер қолданылады. Бұл келушілерге теміржол саласының тарихы мен қазіргі заманға тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Музейдің басты ерекшеліктерінің бірі – түпнұсқа локомотивтер мен теміржол техникасының ауқымды макеттері. Экспозицияда жылжымалы құрамның тарихи және заманауи үлгілері ұсынылған.  

Басты экспонаттар қатарында кешегі кеңес елдерінің темір жолдарында кеңінен қолданылатын және маневрлік жұмыс үшін ең танымал тепловоздардан бастап жоғары жылдамдықты және ыңғайлы теміржол тасымалының дамуын көрсететін жаңа буынның заманауи жолаушылар вагонына дейін бар.

Шынайы заттардың, ауқымды техниканың және заманауи технологиялардың үйлесімі келушілерге адамдардың тағдыры, инженерлік жетістіктері мен тарихи оқиғалары арқылы теміржол саласының дамуын көруге мүмкіндік береді. Мұнда тұрақты экспозициядан басқа көлік тарихы, инженерия, өнеркәсіп, мәдениет және заманауи технологиялар бойынша тұрақты уақытша көрмелер өткізу жоспарланып отыр. Бұл музей мазмұнын үнемі жаңартып отыруға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа білім беру және мәдени жобаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

Мұражай қаланың ең қолайлы көлік нүктелерінің бірінде орналасқан, бұл оны Астана тұрғындары үшін де, елорда қонақтары үшін де қолжетімді етеді. Оған қоғамдық көлікпен оңай жетуге болады, сонымен қатар теміржол вокзалының LRT станциясы орналасқан. Мұражай сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-19:00 аралығында жұмыс істейді.  

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті