Теміржолдағы күзет қызметінің тарихына арналған мұражай ашылды

Темір жол тарихы
10.12.2024, 09:06
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2024 жылдың 9 желтоқсан күні – «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-нің құрылғанына 103 жыл толды. Айтулы дата құрметіне «ӘТЖК» бас ғимаратында «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаевтың қатысуымен салтанатты жиын өтіп, күзет қызметінің тарихына арналған мұражай ашылды.

Алдымен мекеменің бірінші қабатындағы диспетчерлік орталықта dashboard жобасының таныстырылымы өтті. Бұл жоба бойынша диспетчерлер пойыздардың жүрісін, қай станциядан қанша пойыз өтіп жатқанын, қандай жүк тиеп келе жатқаны, тағысын тағы ақпараттарды шұғыл алу мүмкіндігіне ие болады. Бұдан кейін ҚТЖ топ менеджеріне күзетшілердің ескі формаларының орнын басатын жаңа үлгідегі нысанды киім және күзет инвентарларының таныстырылымы болды. ӘТЖК басшылығының айтуынша, жаңа формалар мейлінше ыңғайлы, денеге ауа жіберетін, жүріп-тұруға, қимылдауға да қолайлы матадан тігілмек. Қазір оның алғашқы 300 данасы пилоттық жоба ретінде сатып алынып, мобильді топ күзетшілеріне берілген. Алдағы жылдан бастап кезең-кезеңмен өңірлік филиалдарға да сатып алынып, таратылатын болады. Атаулы күннің басты оқиғасы болған жаңалық – ӘТЖК мұражайының ашылуы болды. Шағын ғана музейге күзет қызметінің алғашқы формасы, кеңестік дәуір кезінде күзетшілер қолданған құралдар, химиялық тексеру құрылғысы, альбомдар, күзетшілердің куәліктері, алғашқы ғимараттар макеті қойылған.  

Ал «ӘТЖК» ЖШС орталық аппараты ұжымы мен өңірлік осы салада көп жыл жұмыс істеп жатқан және ерен еңбегімен көзге түскен қызметкерлер «Үздік күзетші» төсбелгісімен, алғыс хаттармен марапатталды. Жиын соңында Серік Кеулімжаев «ӘТЖК» ЖШС-ін трансформациялау бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқан іс-шараларға оң баға беріп, күзет қызметін одан әрі жетілдіруге және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы ретінде дамып, қолға алып отырған жобаларын сәтті жүзеге асыруға кеңес беріп, күзет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты басқосу «ӘТЖК» ЖШС сатып алған су жаңа көліктердің кілтін мобильді топ жүргізушілеріне табыстау рәсімімен аяқталды.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды