«Даңқ» ескерткішіне тағзым

Темір жол тарихы
28.04.2025, 12:22
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл локомотив пайдалану депосында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының елге әкелген қайғы-қасіретін ұмыттырмай «Даңқ» ескерткіш-белгісі тұғырда тұр. Екі қанатына мәрмәр тасқа бүгінгі бейбіт күннің өтеуі үшін жан қиған теміржолшылардың есімі қашалып жазылған.  

Ал ескерткіш тастың ортасындағы «Бәрі түгел есімдерімен есте, аза тұтып еске аламыз! Бұл тірілерге керек!» деген сөзді оқып, еріксіз ойға шомасыз...

Ескерткіш тура шойын жолдың бойына қойылған. Локомотив тізгіндеген машинистер мен көмекшілері күн сайын кешегі қан майданда отан үшін жан қиған ерлердің рухына іштей тағзым етіп өтеді.  

Дерекке сүйенсек, соғысқа сол кездегі Жамбыл локомотив депосынан 200-ден астам теміржолшы-машинист майданға аттанған екен. Солардың тең жартысынан астамы елге оралған жоқ. Аман келгендері өздерінің жауынгерлік гимнастеркаларын ауыстырып, қайтадан паровоз тізгініне отырып, ұзақ жылдар еңбек майданында еселі еңбек етті. Олардың әрбірі туралы дерек депоның мұражайында қаттаулы тұр.  

Қан майданда опат болған ерлердің құрметіне Жамбыл локомотив пайдалану депосында 1981 жылы 6 мамырда «Даңқ» ескерткіші ашылды. Жыл сайын жеңіс күні ескерткіш гүл дестелеріне толып,  соғыс құрбандарының ұрпақтары, бүгінгі әріптестері «Даңқ» ескерткішіне тағзым етіп, олардың рухына бас иеді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды