«Алтын кітап» қорына енді

Темір жол тарихы
20.03.2026, 09:23
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Көпті көрген қария, Құрметті теміржолшы, «Түрксіб-Семей» мұражайының құрметті директоры Мақсұт Көшжановтың Түрксіб теміржолының бай тарихы туралы жазылған «Адам – керуен, өмір – жол» атты танымдық кітабы жуырда «Қазақстанның Алтын кітабы» сериясына еніп, қайта жарық көрді.

Бұл жолғы басылымның ерекшелігі өңделіп, толықтырылып, тың мағлұматтармен байытылған. Оған аймақтағы Түрксіб теміржолын зерттеуші өлкетанушылар, тарихшылар мен теміржолдағы іргелі династия өкілдерінің пікірұсыныстары себеп болыпты.  

Ал «Алтын кітап» қорына енуі аталмыш туындының жоғары бағаланып отырғанын білдірсе керек. Айта кетсек, жаңа сериямен жарық көрген кітаптар шығыс өңірінде жоқтың қасы. Бұл ретте авторға №4227 номерлі арнайы куәлік пен төсбелгі салтанатты түрде табыс етілген. Осыған орай жуырда кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, филиал директоры Алмас Сейсемқанов пен «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұловтың қатысуымен бөлімшедегі жастармен кездесу өтіп, қадірменді қарияның жаңа кітабының таныстырылымы болды.  

– Ғибратнама жанрымен жазылған бұл кітап – ұзақ жылдар бойғы еңбек пен ізденістің нәтижесі. Шалғай станциялардағы күлтөкпелерде құм басып жатқан көне жәдігерлерді қайта тірілтіп, Семейдегі мұражай төріне қалай әкеліп қойсам, кешегі Түрксіб құрылысы мен кейінгі қазақ теміржолының өркендеу жолының ұмытылып бара жатқан жарқын тұстарын дәл солайша бүгінгі ұрпақ жадында қайта жаңғырттым. Ал толықтырылған кітаптағы жаңа тараулар тілеулес қалың оқырманның ұсынысымен қолға алынды, – дейді ізденімпаз ақсақалдың өзі.  

Жаңа туынды фотоқағазбен түрлі-түсті болып жарық көрген. Суреттер, ескілікті құжаттар қанық бояумен берілген. Сол тәрізді Түрксіб магистралінің мэтріне айналған әйгілі тұлғалардың ерен еңбектері көрініс тапқан. Айта кетерлігі, автор – кешегі құрыш білекті Түрксіб құрылысшыларының біразының көзін көрген, тәлімін тыңдаған жан. Сондықтан болар, бұл тарау біршама толығып, кешегі қазақ теміржолының тұтас бір дәуірін ашып көрсетеді.  

Наурыздың 22 күні 89 жасқа табан тірейтін, кейінгі буын «Музей ата» атап кеткен ақсақал «қазақ теміржолының тарихын, жәдігерлерін жаңғырту жолында әлі де жанкештілікпен еңбек ете беремін» деп отыр.  

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?