Майдан даласының қарлығашы

Темір жол тарихы
07.05.2020, 12:12
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының ұжымы соғыс ардагері Любовь Сергеевна Колесникті Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қызы Татьянаның қамқорлығындағы ардагер биыл 95 жаста. Қимыл қозғалысы ауырлағанмен, өзін сергек сезініп, жолшылар ұжымы атынан келген Ғалия Ноғайбаева мен Рақымжан Сардарбековты қуана қарсы алып, «Бұлар менің коллективім – теміржолшылар» деді мақтанышпен.

Теміржолшылардың ыстық ықыласы толтырылған азық-түлік себеті мен кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай көмекті қабыл алған Любовь Сергеевна өзін Жеңіс күнімен құттықтаған барша әріптестеріне алғысын білдірді.

Қызылорда медициналық техникумын тәмамдап, кәмелет жасына жеткенде Отан қорғауға соғысына аттанған Любовь Колесник маршал Г. Жуков басқаратын І-Белоруссия майданында медбике болыпты. Жаңбырдай жауып тұрған оқ пен оттың арасында жүгіріп жүріп жаралыларға көмек көрсететін медбикелерді барлық солдаттар жақсы көріп, «майдан даласының қарлығаштары» деп еркелетеді екен.

Сұрапыл соғыстың соңына дейін жетіп, Берлиннің танымал Бранденбург қақпасына «Енді әлемде бейбітшілік болсын» деген жазу қалдырған медбике қыз туған жеріне 1945 жылдың қыркүйегінде жеңіспен оралады. Содан Қызылорда теміржолының медпунктіне фельдшер болып орналасып, зейнет жасына жеткенше табан аудармай еңбек еткен ардагердің ендігі тілегі - әлемде тыныштықтың бұзылмауы, балалардың шаттық күлкісінің тарқамауы.

– Дистанция есебіне тіркелген соғыс ардагерінен тек осы кісі қалды. Сондықтан жалғыз ардагерімізді тек жеңіс күні құттықтамай, жиі хабар алып, қал жағдайын біліп тұрамыз, – деді дистанциясының кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды