Атырауда біліктілікті арттыру дәрісі өтті

Аймақтар
31.03.2023, 09:16
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау вагон пайдалану депосының Ақжайық техникалық қызмет көрсету пунктінде операторлардың біліктілігін арттыру мақсатында ЖҚБ АЖ (АСК ПС) монитор таблосы бойынша сабақ өтті.

Ақжайық және Атырау белгі беру және байланыс дистанцияларының аға механиктері Жасұлан Жекшимов пен Аманқос Ізбасаров депо қызметкерлеріне стандартты емес жағдайда қалай әрекет ету керектігін табло арқылы түсіндіріп, жан-жақты көрсетті. Жалпы, ЖҚБ АЖ – жылжымалы құрамды бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің таблосы Атырау вагон пайдалану депосы бойынша 15 бақылау пунктін қамтиды. Егер пойызда ақау кездессе, вагонның доңғалақ жұбының буксы қызса, тежегіш колодканы қысып қалса немесе пойыз астынан детальдар сүйретіліп келе жатса, КТСМ-02 қондырғысы дабыл қағып, ақаулар белгісі АСК ПС таблосында көрінеді. Орталық операторы шұғыл түрде бақылау пунктінің вагон қараушысына хабарлайды.  

КТСМ-02 қондырғысы бойынша дабыл-0 соқса, пойыз станцияға тоқтамай өтеді. Дабыл-1 соқса, пойыз жай жылдамдықпен келіп, станцияға тоқтап тексеріледі. Дабыл-2 соқса, пойыз перегонда тоқтатылады, локомотив бригадасы тексеріп, вагон қараушыны шақырады. Вагон қараушы вагондарды мұқият қарап тексеріп, қажет болса, жеңіл-желпі жөндеу жүргізіп, әрі қарай жүргізуге кепілдік береді. Ал егер ақау күрделі, жөндеуге келмейтін болса, вагон пойыздан сол жерде ағытылады. Барлық ақпарат шұғыл түрде ВЧД және қауіпсіздік ревизорлар аппараты арқылы Астанаға беріледі. Ары қарай комиссия құрылып, тексеріліп, құжаттар толтырылып, вагонды жөндеуге қоюға шешім шығарылады. Міне, осы процедураны дистанция мамандары бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, қауіпсіздікті сақтау үшін ең алдымен қандай шаралар алынуы керектігін, одан әрі қалай әрекет етуді сабақ барысында түсіндірді.  

Атырау вагон пайдалану депосының бастығы Әмірбек Бейсеев пен бас инженер Рашид Мұсабаевтың айтуынша, биылғы жылы вагон шаруашылығында қауіпсіздікті сақтауға, техникалық сабақтардың мазмұнды өтуіне, мамандардың біліктілігін арттыруға басымдық берілуде. Сол мақсатта локомотив депосы, байланыс дистанцияларымен қарым-қатынасты жақсартып, бірлескен техникалық сабақтар өткізіп, біліктілік арттыру дәрістерін жиі жоспарлау көзделіп отыр.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды