Теміржолшылар темір жол бойын қардан тазартуда

Аймақтар
11.01.2024, 14:36
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылардың қысы-жазы ауа-райының қас-қабағына қарап қимылдайтыны аян. Жазда жолды құмнан, қыста қардан аршып тазалау – Атырау өңірі теміржолшылары үшін үйреншікті тірлік. 

Қараша-желтоқсанда 7-8 градус жылы болған аймақта қаңтар айында қыс қаһарына мініп, күн суытты. Жуырда жауған қар жартылай еріп, мұзға айналды. Соған орай, екі-үш күннен бері темір жол бойын қардан тазарту жұмыстары өңірде қарқынды жүріп жатыр.

– Қар қалың жауған жоқ, бірақ ұйытқып соққан боранды желдің әсерінен  қардың темір жол бойын бітеп тастайтын әдеті ғой. Сондықтан қар жауған күннен бастап Дина Нұрпейісова станциясынан Сағызға дейінгі жолды өз күшімізбен тазалауға кірісіп кеттік. Күніне осы жұмысқа адамдарды бөліп отырмыз. Сондай-ақ қар тазалайтын СМ-2, СЗПМ сынды арнаулы 11 техника-машинамыз да бар. Ең алдымен Мақат, Атырау, Ақжайық, Махамбет, Құлсары, Аққыстау сынды үлкен станцияларды, сосын Ескене, Мұқыр, Жантерек, т.б. бекеттерде қардан тазарту жұмыстарын жүргізудеміз, – дейді Атырау жол дистанциясы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Аманқос Жылқыбаев. 

Атырау қосалқы бөлімшесі басшысының «2023-2024 жылға қысқы мерзімге арналған қармен күрес жұмыстарын жүргізу» жедел жоспарына байланысты барлық станция бекеттерде де қар тазалау жұмыстары назарға алынған. 

– Ауысымда жүрген жігіттерді бұйрық бойынша қар тазалау жұмыстарына тартып жатырмыз. Әзірге көп қар жоқ, дегенмен жолды аршу жұмыстары үнемі қадағаланып отыр, – дейді Атырау станциясының бастығы Алтай Көбегенов. 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды