Семейлік теміржолшылар қолайсыз ауа райында қауырт жұмыс істеп жатыр

Аймақтар
15.01.2024, 13:39
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысы – ауа райының құбылмалығымен ғана емес, геологиялық һәм гидрометерологиялық ахуалдың күрделілігімен де ерекшеленетін аймақ. Семей темір жолы өткен жылдың соңғы тәуліктерінен бастап бүгінгі күнге дейін қолайсыз ауа райы жағдайында қауырт жұмыс жүргізіп келеді.  

Әсіресе Аягөз – Жарма, Өскемен – Риддер телімдері бойынша біршама салмақ түсіп тұр. Бұл ретте НЖС-6 бойынша телімдердегі ахуал біршама күрделі саналады. Дегенмен, барлық теміржол инфрақұрылымдары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Әйтсе де, бөлімше басшылығы мен шаруашылық ревизорлары баса көңіл аударып отырған бірқатар мәселелер бар. Атап айтсақ, қалың қар басып қалатын телім бойын тұрақты тазарту, электр желілерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, әсіресе жолаушы тасымалы бойынша пойыздар іркілісін туғызбау басты міндет болып отыр. Қазіргі күндері бөлімшенің барлық тораптық станциялары бойынша шұғыл тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қадағалау, тексеру жұмыстары табиғаты аса қатаң Өскемен өңірінен бастау алып отыр. Басты қадағаланатын нысандар – станция қызметі, бағыттамалы бұрмалардың қауіпсіздігі. Соңғы тәуліктердегі жаңбыр мен қар, оған ілесе келген аяз жағдайды күрделендіріп тұр. Бұл орайда тәулігіне бірнеше мәрте барлық телім бойындағы жолшылардан мағлұматтар жиналуда. Тосын жайт туындар болса, теміржолшылар басшылық келісімімен бірден стандартты емес жағдайда жұмыс істеуге көшеді. Сала мамандары табиғат жағдайына толық бейімделген.  

НЖС-6 диспетчерлігі бойынша барлық жол дистанцияларының жұмыс барысы қатаң қадағалауға алынып отыр. Қар тазалаушы машиналарды желі бойына шығару уақыты, қумажолдардағы қозғалыс барысы барлығы да әр минутына дейін ауа райына байланысты есептелген. Телімдердегі ауа температурасы мен жел жылдамдығы әр үш сағат сайын жазылып алынып, тиісті құжаттарға тіркелуде.  

Қатаң қадағалауға алынған жұмыстардың бірі жергілікті вагон шаруашылығында жүргізілуде. Себебі ауа температурасының күрт төмендеуі жүк вагондары арбасының құйма бөлшектері мен бүйір рамаларының аязға шыдас бермей морт сынуына немесе жарықшақтануына алып келуі мүмкін. Сондықтан қаңтар айы басталысымен бүйір рамасын бақылау күн тәртібіне шығып отыр. Бөлімше бойынша ревизорлық аппаратпен қатар басшылық құрамнан тұратын арнайы комиссия желі бойында рейдке шығып, осы бағытта жұмыс жүргізуде. Бұл шаралар әсіресе желі бойындағы барлық жүк станцияларын толық қамтуда. Бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов тікелей назарда ұстап отыр.    

Соңғы уақытта тәуліктің түнгі мезгілдерінде де жоспардан тыс шұғыл тексерулер өткізіліп, станция қызметкерлерінің жұмыс уақытында өз орындарынан табылып,  штаттық режимде қызмет көрсетуі де бақылануда.    

Енді бірер күнде Семей өңіріне жылдағыдай антициклон – сібірдің сары аязы келеді. Теміржолшылар тілімен айтқанда «қыс шілдесі» басталады...  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды