Ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді

Аймақтар
06.08.2024, 09:35
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Көлік қызметкерлері күні мен Қазақстан теміржолының 120 жылдығына орай өткізілген салтанатты іс-шараға қатысатын ардагерлерге Қызылорда бөлімшесінің басшылығы ерекше сый- құрмет көрсетті.

Станцияларда тұратын ардагерлер жолаушылар вагонымен Қызылорда қаласына арнайы жеткізілді. Одан әрі қалалық автобус паркінен арнайы бөлінген көлікпен теміржол вокзалынан театрға дейін көлікпен апарылды, оларға арнап қала ішінде және Орталық алаңға экскурсия ұйымдастырылды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің Көлік қызметкерлері күніне арналған мерекелік салтанатты жиыны Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткізіліп, үздіктер бөлімше бастығының қолынан марапат алды. Салтанатты іс-шараға облыстық, қалалық әкімдік өкілдері қатысып, құттықтау лебізін білдірді және озаттарға құрмет көрсетті.  

«Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен Қазалы жол дистанциясының 4-өндірістік телімінің бастығы Жанділда Ршауов марапатталды. «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен А.Нұржанов, Қ.Қапашов, С. Ибадуллаев, С. Баякеновалар, «Үздік маман» белгісімен Г.Баймукерова, К. Қойшыбаевалар, «Кәсібі бойынша үздік» белгісімен С.Альманов, А. Жұмаділов марапатталды. Аймақта мерекелік іс-шара Қызылорда локомотив пайдалану деполарында да жалғасын тауып, үздіктерге құрмет көрсетілді. Мерекелік жиын «Шаңырақ» мейрамханасындағы концерттік бағдарламаға ұласып, ардагерлер мен сала еңбеккерлеріне әуелеген ән мен күмбірлеген күйден өнер көрсетілді.  

Сыр бойының бас теміржолшысы Батырхан Базарбаев саланың басты марапаты «Құрметті теміржолшы» белгісін 2 теміржолшының төсіне тақты. «Адал еңбегі үшін» медалімен 4 теміржолшы марапатталды. «Құрметті теміржолшы» атанған Талғат Шүренов басқаратын Арал теңізі станциясы жылдың «Үздік станциясы» атанды. Бұдан бөлек аймақ теміржолшылары «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік маман», төс белгілерімен марапатталып, ҚТЖ мен Жүк тасымалы басшылығының, Қызылорда облысы мен қала әкімдігінің, бөлімше басшылығы мен кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.  

Сала ардагерлерінің иығына шапан жабылып, олар ақ тілегін батамен берді. Кәсіби мерекені тиісті деңгейде өткізуге атсалысып, бел ортасында жүрген «Қазкөліккәсіп» ҚБ мен бөлімшеге қарасты мекемелердің кәсіподақ ұйымдарының белсенділеріне алғыс айтылды.

– Бөлімше теміржолшыларының әлеуметтік жағдайының дұрыс болуына алаңдап тұратын әдетімізбен кәсіби мерекені де жоғары деңгейде өткізуге жұмыс істедік. Үздіктердің барлығына лайықты құрмет көрсетуге күш салдық. Сондай марапаттың бірін иеленіп, менің де қуанышым тасып тұр,– дейді бөлімшенің кәсіподақ ұйымының төрағасы, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған Мұхтар Көпірбаев.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды