Ғасыр жасаған ардагер

Аймақтар
15.08.2024, 17:36
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Хромтау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, 100 жастағы теміржолшы Василий Грецкийді кешегі әріптестері кәсіби мерекемен құттықтап барды.

Никельтау жол дистанциясының бастығы Қайрат Танабергенов пен кәсіподақ төрағасы Есенбол Оразов қарт теміржолшыға «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ басшысының атынан тілектерін жеткізіп, қарияны сый-құрметке бөледі. Ардагер ризашылығын білдіріп, алғысы мен құттықтауын жеткізді.  

«Теміржолшылар мерекесі, 120 жылдық мерейтой құтты болсын! Бұл нағыз шымыр да шыдамды, жауапкершілігі жоғары азаматтар жұмыс істейтін сала. Қызметтеріңде қолдау көп болсын. Жүк тасымалы артып, табыстарың өссін...», – деді ардагер.  

Әкесінен ерте айырылған Василий Грецкий 5 бауырымен бірге аш-құрсақ өскен балалық шағын еске алды. Соғыс басталғанда алдымен үлкен ағасы, 1942 жылы шілдеде өзі майданға шақырылады. Ардагер атты әскер корпусында қызмет етіп, Украина мен Белоруссия, Польша, Чехословакия, Румыния және Германия майдандарында соғысқан. «Қызыл жұлдыз» және II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.  

Жеңісті Берлиннен 75 шақырым жерде орналасқан госпитальда қарсы алған Василий Иванович 1946 жылы елге оралып, Шу локомотив депосынан 1984 жылға дейін еңбек етіп, зейнетке шыққан. Бүгінде ардагер 3 баласынан 6 немере, 10 шөбере сүйіп отыр.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды