Ардагер теміржолшыларға құрмет көрсетілді

Аймақтар
15.11.2024, 09:17
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев ширек ғасыр ғұмырын теміржол бойында өткізген ардагер теміржолшыларды Қазақстан темір жолының 120 жылдығымен құттықтап, мерейтойлық медаль тақты.  

Сала ардагерлерін арнайы қабылдап, айрықша құрмет көрсеткен филиал жетекшісі отандық теміржолдың ғасырлық тарихында қолтаңбасы қалған алдыңғы буынның ерен еңбегіне алғыс айтты.    

«Компания президенті қазан айында Ақтөбе бөлімшесіне жұмыс сапарымен келді. Мекемелерді аралап, өндірісті көзімен көрді, танысты. Жүргізіліп жатқан жұмысқа жақсы баға берді. Көрсеткіш жаман емес. 2023 жылмен салыстырсақ, биыл қауіпсіздікке кереғар көрсеткіштер екі есе азайды. Еңбек қауіпсіздігі жоғары деңгейде. Мұның бәрі қызметкерлердің еңбегі, жауапкершілігінің нәтижесі. Ал ардагерлер біз үшін алдымызда тұрған ұстаз, ақыл қосар аға буын. Сіздерді Қазақстан темір жолының 120 жылдығымен құттықтаймынІ Сіздер қандай құрметке де  лайықсыздар», – деді Б.Беркімбаев.

Салтанатты шарадан соң дастархан басына шақырылған ардагерлер емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды. Қос буынның арасында саладағы жаңалықтар мен өзгерістер айтылып, тәжірибе бөлісіп, әдемі басқасу болды.    

– Мен кадр бөлімінен зейнетке шықтым. Еңбек жолымды инженер болып бастадым. 40 жылдан аса еңбек еткен салам маған өте ыстық. Әкем кезінде жол басшыларының қатарында болған атақты  теміржолшы болғанын мақтан тұтамын, теміржол саласының әрбір жетістігі мен табысына біз қуанамыз, бүгінгі басқосуды ұйымдастырған  басшылыққа алғысымыз шексіз, мерейіміз өсіп бір жасап қалдық, – деді ардагерлер атынан Жанна Ким.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды