Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі

Аймақтар
23.12.2024, 18:31
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тақырыбындағы сайыс мерекелік іс-шара түрінде өткізіліп, оған теміржолшылардың отбасы мүшелері мен мектеп жасындағы балалары да қатыстырылды.  

Тәуелсіздік, тіл мен діл, салт-дәстүр мен тәлім-тәрбие секілді құндылықтарды насихаттауға бағытталған мерекелік шараны бөлімше басшылығы мен кәсіподақ ұйымының белсенділері ұйымдастырды. Бөлімше директоры Ербол Сәулебеков кіріспе сөз алып, көпшілікті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Мемлекеттік тіл мәселесі компанияда кеңінен қолданысқа енгізіліп отырғанын жеткізіп, тілді насихаттау бағытында жүргізіліп жатқан идеологиялық маңызға ие бұқаралық, қоғамдық деңгейдегі шараларға шолу жасалды. 

 

Әрі қарай қазақ тілінің парқын өзгеден артық білемін деген сенімдегі мықтылардың сайысы өтіп, оны бөлімшенің Қазақ тілі қоғамының жауапты маманы Мөлдір Ақышева жүргізді. «Алаш елі», «Толағай», «Қыран», «Арыстан», «Бірлік» деп аталған 5 топ сахнаға шақырылып, төрт кезеңнен тұратын сайыс жеребесі тартылып, қатысушы топтар өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды.  

– Сайыстың бағдарламасында отбасылық топтың өзін таныстыруы, балалардың қазақ ақындарының өлеңін мәнерлеп оқуы, жұмбақты шешу, мақал-мәтелді жалғастыру талап етілді. Мұндай сайыс бөлімше бойынша алғаш рет ұйымдастырылғандықтан қызықты әрі тартымды, ғибратқа толы болды. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Тәңірбекұлы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры Аман Абасилов, Қызылорда жол дистанциясының ардагері Досжан Тәжімұратов қазылық етті. Бәрі әділ өтті деп ойлаймыз, – деді ұйымдастырушылар атынан кәсіподақ ұйымының төрайымы Салтанат Махмутова.

Сайыс түрінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның бас жүлдесін Қызылорда вокзалынан келген «Қыран» тобын құраушы Анаргүл мен Нұрасыл қанжығаларына байлады. 1-орын Қызылорда сигнал беру және байланыс дистанциясынан келген Фазыл мен Төреәлиге («Арыстан» тобы), 2-орын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінен Нұрлан мен Олжасқа («Алаш елі» тобы) берілді, 3-орынды вокзал шаруашылығынан Жанерке мен Көркемай («Бірлік» тобы) және Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясынан келген Гүлнар мен Айбибі («Толағай» тобы) иеленді.

Сайыс барысында мерекелік шараға белсене қатысқан өзге де қызметкерлерге, балаларға да сыйлық берілді. Сонымен қатар шақырылған қонақтарға, ардагерлерге де сый-сияпат жасалды.    

Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда