Жамбыл жол бөлімшесі ҰОС ардагерін құттықтады

Аймақтар
08.05.2025, 13:04
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еліміздің барлық өңірлерінде маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл – майдангерлердің рухына деген мәңгі құрметтің белгісі. Отан үшін от кешкен ардагерлеріміз қашан да ардақты. Мереке қарсаңында Жамбыл жол бөлімшесі ҰОС және еңбек ардагері Иван Макеевті Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалы директорының орынбасары Дәурен Құрманов, кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Баймұрзаева, Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінде өткен мерекелік іс-шараға қатысып, ардагерге сый-сияпат тапсырды.

Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада желілік полицияның жеке құрамы сапқа тұрғызылды. Үрмелі аспаптар ансамблі соғыс жылдары жазылған әндерді орындап, қонақтар бөлім аумағындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Олег Родякин жеке құрамды мерекемен, ардагер Иван Федоровичті Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Жамбыл облыстық полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрдалы Шералин майдангерге Жеңістің 80 жылдығы мерекелік медалін тапсырды.

Соғыс басталған кезде Иван Макеев небәрі 14 жастағы жасөспірім екен. 17 жасында ол Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, әрі қарай майданға жіберіледі. Жас жауынгер 1951 жылға дейін жапон империалистеріне қарсы шайқастарға қатысты. ІІ дәрежелі ҰОС орденімен және 20-дан астам медальдармен марапатталған. 1951 жылы елге оралған соң, 1953 жылы КСРО ІІМ Могилев арнайы көлік милициясы орта мектебіне оқуға түседі. 1955 жылы оқуды бітіргеннен кейін Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер бөліміне жұмысқа орналасып, 30 жыл қызмет етіп, подполковник шенінде зейнеттік демалысқа шыққан.  

Теміржол бойындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, саланың дамуына үлес қосқан 98 жастағы ардагер Тараз қаласында тұрады. Жамбыл жол бөлімшесінің қызметкерлері майдангерге адал еңбегі үшін, Отан қорғаудағы ерен ерлігі үшін алғыс білдірді.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды