Жамбыл өртке қарсы пойы­зының жасағы бекітілген жос­парға сай кезекті оқу-жаттығу шараларын өткізді. Алдын ала дайындалған сценарий желісі бойынша Жамбыл мате­риалдық жабдықтау базасының №17 қоймасында («Д» санатындағы қойма) электр тоғының қысқа тұйықталуынан өрт шығып, күзетші тиісті орындарға хабар береді. Оқиға орнына алдымен жеткен Жамбыл өртке қарсы пойызының жасағы жедел әрекетке көшіп, өрт сөндіруге кіріседі. Аталмыш жасаққа Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі де көмекке келеді. Ал, осы екі жасақ оқиға орнына жеткенше Жамбыл материалдық жабдықтау базасының ерікті өрт сөндірушілері өрт шалған қоймадан жалын жанындағы қоймаға тимес үшін нұсқаулыққа сай шараларды бастап та кетеді. – Бүгінгі шара алдын ала бекі­тілген кестеге сай жүргізілді. Жатты­ғуға қатысқан барлық қызмет нұсқау­лықтарға сай біліктіліктерін көрсетті. Жалпы, жаттығудың басты мақсаты – жоғарыдағы екі жасақ пен өрт сөндіруші еріктілердің бірлесе жұмыс жүргізу тәртібін пысықтау болатын. Ол мақсатқа жеттік. Жамбыл өртке қарсы пойызы жасағының сарбаздары да өте жоғары дайындықтарын көрсетті,–дейді Жамбыл өртке қарсы пойызы бастығының орынбасары Әбдісаттар Абуғаниев.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл Суреттерді түсірген автор