Ұрлық түбі – қорлық

Аймақтар
25.08.2026, 08:54
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол қоғалысына қызмет көрсететін әрбір бөлшек – жол қауіпсіздігінің кепілі. Оның біреуі істен шықса, қозғалысқа кедергі келтіріп, пойыздардың тоқтап қалуы, апаттық жағдайларға дейін жеткізуі мүмкін.

Сондықтан теміржолшылар теміржол мүлкін көздің қарашығындай сақтап, оның ұрлануының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарды үнемі жүргізіп отырады. Жуырда Маңғыстау жол дистанциясы мамандары Маңғыстау желілік полиция бөлімінің және Әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлерімен бірлесіп Қарақия ауданы Жетібай станциясына жақын орналасқан елді мекендерге және станция қызметкерлеріне «Ұрлық түбі – қорлық» атты профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.  

– Рейд барысында Мұнайлы ауданының Қызылтөбе және Маңғыстау ауылдық округтеріндегі темір қабылдайтын орындар тексерілді. Аталғандай орындарда еңбек етіп, нәпақасын тауып жүрген азаматтарға теміржолдың мүліктерін қабылдамау қажеттігі ескертілді. Егер тұрғындар теміржолға қатысы бар деген күдікті металл бұйымдарын алып келіп, тапсырмақ болса, дереу тиісті сала мамандарына хабар беріп, теміржол қауіпсіздігін сақтауға атсалысуға шақырды, – дейді бұл туралы Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Мұхтар Кульчанбаев.  

Сонымен қатар ұрлық-қарлық фактісі кездескен немесе оның куәгері болған жағдайда қандай әрекет істеу керектігі де жан-жақты түсіндірілген. Дистанция мамандары жергілікті тұрғындар мен темір қабылдайтын орталықтардың иелеріне теміржолдың мүлкіне қызығушылық танытпауды, оңай олжа іздеп, темір жолмен қатынайтын қаншама тағдырды тәлкекке салмауды сұрайды. Ұрлық соңы қорлыққа жеткізетінін, заңмен қадағаланып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды