Табиғат аясындағы демалыс
Жамбыл жол бөлімшесінің қызметкерлері мамыр мерекелерін тамаша пайдалана білді. Жол бөлімшесінің әкімшілік қызметкерлері және жедел басқару бөлімінің мамандары Тараз қаласының іргесіндегі Жасөркен ауылының жанынан ағып жатқан Аса өзенінің бойында, табиғат аясында демалыс ұйымдастырды.
– Мереке күндері әрі демалыс, әрі саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында осындай демалыс ұйымдастырып, күнделікті жұмыстан қажыған мамандарымызды бір сергітуді ойладық. Әкімшілік және жедел басқару бөлімінің арасында спорттың он түрі бойынша жарыс ұйымдастырылды, – дейді Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбеков.
Табиғат аясындағы денмалыс теміржолшылардың спортқа деген құлшынысын арттыра түскен, әрқайсысы өз командаларына ұпай жинауға тырысты. Ерлер арасында 60 метр қашықтыққа жүгіруде бірінші орынды жедел басқару бөлімінің маманы Мамед Шилімбетов иеленіп желаяқтығын дәлелдесе, келесі екінші орыннан әкімшілік қызметкері Мейрамбек Жұматаев, үшінші орыннан жедел басқару бөлімінің маманы Бауыржан Ұстаев көрінді. Сондай-ақ, қыздар арасындағы 50 метр қашықтыққа жүгіруден әкімшілік қыздары алдына жан салмады. Жүлделі бірінші орын Айтолқын Жайлаубаеваға, екінші орын Гүлжан Ақшораеваға, үшінші орын Юлия Сотниковаға бұйырды. Волейболдан әкімшілік командасының мерейі үстем болды. Шағын футболдан да әкімшілік қызметкерлері алдына жан салмаса, арқан тартуда олар жедел басқару бөлімінің қызметкерлеріне есе жіберіп қойды. Кір тасын көтеруде жедел басқару бөлімінің қызметкерлері Ербол Мырзалиев бірінші, Талғат Сапарбеков екінші, әкімшілік қызметкері Азамат Досжанов үшінші орынды қанжығалады. Үстел теннисінде Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбеков бірінші, Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері Қыдыр Бегалиев екінші және жол бөлімшесінің қызметкері Болат Абдуов үшінші орынды иеленді. Нардыда Мейрамбек Серікбаев бірінші, Асылхан Тайлақбаев екінші, Асқар Әлімбаев үшінші орыннан көрінді. Сөйтіп, табиғат аясындағы демалысын қызықты өткізген әулиеаталық теміржолшылар бір серігіп қалды.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?