Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде тастаяқтан жарыс өтті

Спорт
22.11.2021, 10:03
Оқуға 2 мин
Асхат Райқұл

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен бильярд ойынынан жарыс өтті. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған шараға бөлімшенің Сарышаған, Түрксіб, Қаратау, Жаңатас сынды станцияларынан жиырмадан астам теміржолшы қатысты. Сала кәсіподағының аймақтық филиалының төрағасы Жұман Сәменов пен бөлімшенің бастауыш кәсіподағы ұйымының төрағасы Серік Ақшораев жарысқа қатысушыларды құттықтап, жеңіс жолында сәттілік тіледі.

«Тұңғыш Президент күнінің тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлі айрықша деп білемін. Елбасымыз мемлекетіміздің, оның ішінде теміржол саласының өркендеуіне, ілгерілеуіне өлшеусіз үлес қосты, теміржолдың экономиканы дамытудағы маңызды бағыт екеніне назар салды. Тұңғыш Президенттің «Теміржол – экономиканың драйвері» деп атауы бекер емес. Өйткені, егемендігіміздің отыз жылында батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті жалғаған теміржол саласында қыруар шаруа атқарылды. Мұндай ілкімді істер легі алдағы уақытта да жалғаса береді», – деді Жұман Сәменов өз сөзінде.

Мемлекеттік Әнұран орындалып, теміржолшылар тастаяқ ойынын бастап кетті. Айта кетейік, бильярд ойынына қатысушылар қатарында Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Үмітбек Рысбекұлы да болды. Аймақта тастаяқ ойынының шебер ойыншысының бірі ретінде танымал басшы бұл жолы да әдемі ойын өрнегін көрсетіп, әріптестеріне асқан шеберліктің үлгісін көрсеткендей болды. Сондықтан, бәсекеде бірінші орынды жоғары бағамен иемденді. Екінші, үшінші орындарды Тараз станциясының кезекші операторы Нұрболат Сембек пен қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор Медет Ұшақбаев өзара бөлісті. Жеңімпаздарға арнайы кубок пен дипломдар, сый-сияпаттар табыс етілді.

Жаңалықтар
19.10.2026
Теміржол вокзалдарындағы сары белгі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі
Аймақтар
19.10.2026
Маңғыстау жол дистанциясына – 60 жыл
Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия