Қызылордалық теміржолшылар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Спорт
27.12.2021, 09:17
Оқуға 1 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне шағын футболдан жарыс өткізген қызылордалық теміржолшылар көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен жақсы демалыс сыйлады. Жарыста аймақтағы мекемелердің жеті командасы қатысты. Қарсылас құраманың осал тұсын дөп табатын «ДС Белкөл» командасының үздік шабуылшысы Әлібек Тәжібаевтың шеберлігіне тәнті болған көпшілік қарсыласынан техникалық шеберлігімен айласын асыратын Қызылора жол дистанциясы құрамасының үздік ойыншысы Қыналы Санжарға қол соқты. Сондай-ақ, қақпаға бағытталған доптың басым бөлігін нысанаға жеткізбей кері қайтарған Электрмен жабдықтау дистанциясы құрамасының қақпашысы Жалғас Санболатов «үздік қақпашы» атанса, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі командасының қақпасына доп жақындатпаған Еркебұлан Сүлейменов «үздік қорғаушы» атанып, көрермендердің көзайымына айналды.

– Аймақтағы карантиндік ахуалға байланыс- ты спорттық шаралар онлайн форматында өткізіліп келді. Бүгін теміржолшылардың жеті құрама командасы теңбіл доптың бәсекесінен қыздырып, көрмендерге жақсы демалыс сыйлады деп ойлаймыз. Ойын барысында командалардың ереже бұзуы, қарсыластарына өктемдік жасау әрекеттері болған жоқ. Ойын талаптары толық сақталып, жоғары деңгейде өтті, – деді бөлімшенің спорт секторы Бақытжан Имбергенов.

Теңбіл доп додасының жеңімпаздарына «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы мен мекемелердің кәсіподақ ұйымдарының демеушілігімен арнайы кубоктар, бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті