Қызылордада шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды

Спорт
24.05.2022, 11:57
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС Қызылорда филиалында кәсіподақ ұйымының бастамасымен аймақ теміржолшылары арасында шағын футболдан турнир болды. «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов турнирдің ашылу салтанатында бүгінгі ойынға сақадай сайланып келген 6 командаға жарыс жолында сәттілік тіледі.

Команда ойын алдында екі таймдық крест тәсіліне сәйкес жеребе таңдап, өзара екі топқа бөлініп, таңдау кезегімен ойынды бастап кетті. Қызылорда ЖТ бөлімінің «НОД-ГП-10» мен Қызылорда белгі беру және байланыс дистанцияларының «ШЧ-39» құрамалары арасында басталған ойын нәтижесіз, қақпаға бағытталған доп межеге жетпей жатты. Қос құраманың қарсылас қақпасына дәлдеген доптары нысанадан мүлт кеткенмен қарымта шабуыл алма-кезек қайталанды. Кезектескен шабуылдың нәтижесі «ШЧ-39» құрамасының шабуылшысы Жанарыс Атахановтың қарсылас құраманың қақпасында гол соғуымен аяқталды. Осылайша турнир есебін ашқан дистанциялықтар жүлдеден үміткер екендіктерін білдірді.

Өз тобындағы ойындарда қарсыластарын қапы қалдырған Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС-10» командасы да жарады, қарсыластары Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының «ЭЧ-25» командасын ұтып, жүлделі 3-ші орынға көтерілді. Одан кейінгі ақтық сайыстағы бас жүлде додасына Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының «ШЧ-39» құрамасы мен Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» командасы шықты. Қос команда да барлық айла-тәсілдерін салғанымен екі таймда да есеп ашылған жоқ. Бірнеше тұтқиылдан, күтпеген әрекеттер жасалып, қақпаға бағытталған доп біресе қиыс кетіп, біресе қақпашының қолынан табылып жатты. Ойын соңында қос командадан үш-үштен ойыншы таңдалып, пенальти тебуге тұжырым жасалды. Енді қалай болғанда да бағы жанған құраманың анықталатыны сөзсіз. Айласын асырған «ТЧЭ-34» командасының бағы жанып, қомақты қаржыны қанжығаға байлады, ал «ШЧ-39» құрамасы 2-ші орынды қанағат тұтты.

Ойын барысында үнемі алғы шепте, әдемі ойын өрнегін көрсеткен және қақпасын қызғыштай қорып доп өткізбеген ойыншылар да назардан тыс қалмады: Жанарыс Атаханов – «үздік шабуылшы», Дархан Айқожаев – «үздік қақпашы», Ғазиз Қыстаубаев – «үздік қорғаушы», Есен Қосанов «үздік ойыншы» атанды. Мұнан бөлек ойын барысында әдемі гол салғандар да айрықша құрметке ие болды. Кәсіподақ тарапынан жүлдеге ілінбеген командалар да ынталандыру сыйлығына ие болды.

Шағын футбол турнирі алдағы күндері Қазалы мен Сексеуіл станцияларында да ұйымдастырылатын болады.

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты