Елордада өткен халықаралық триатлонға теміржолшылар да қатысты

Спорт
16.08.2022, 11:34
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор

Елордада өткен беделді спорттық жарыстардың бірі Ironman триатлон сериясының BI Group Ironman 70.3 Astanа жарысына теміржолшылар да қатысты. Әлемнің 75 елінен келген 112 эстафеталық команда арасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев бастаған 5 теміржолшы да бақ сынады.

 Халықаралық спорт додасына әлем елдерінен келген 2200 әуесқой триатлоншы қатысты. Соның ішінде 1400 спортшы «жартылай», 800-дейі «толық» қашықтықты бағындырды. Олардың ең жасы 18 жасар үндістандық болса, ең үлкені 72 жастағы ресейлік және германиялық спортшылар болды. Қазақстандық қатысушылардың арасында теміржолшылармен қатар танымал әншілер және еліміздің белгілі спортшылары болды. Шараның ашылу салтанатына қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов және BI Group директорлар кеңесінің төрағасы А.Рахымбаев стартқа жиналған триатлеттерге сәттілік тіледі.  

– Триатлонда әрбір жарыс үзіліссіз өтетін үш кезеңнен тұрды: 3,86 км жүзу, 180,25 км велосипедпен жүріп өту және 42,195 км марафондық жүгіру. Ironman 70.3 сериясының жарыстары екі есе қысқартылған қашықтықты қарастырды. 1,9 км жүзу, велосипедтік бәйге – 90 км, 21,1 км жүгіру. Мен өз кезегімде Ironman 70.3 қашықтығы бойынша 5:46:10 минут көрсеткішке жеттім. Осындай халықаралық ауқымдағы өте маңызды спорттық шараға қатысуға мүмкіндік берген барлық ұйымдастырушыларға, еріктілер мен қала әкімдігіне алғыс айтамын, – деді Батыр Котырев.  

Сонымен триатлон қорытындысы бойынша Люксембургтен келген Godard Olivier ерлер арасында «темір» қашықтықтың «жартысын» еңсеріп, 3 сағат 59 минутта бірінші келді, екінші болып ресейлік  Богдан Коваленко 4 сағатта, үшінші болып Алексей Никулин 4 сағат 10 минутта мәреге жетті.

– Таңертең ерте 1,9 км жүздік. Судан шыққаннан кейін 90 км велосипед тептік, сосын 21 км жаяу жүгіруге қатыстық. Алдыңға екі кезең жақсы өтті, жүгіруге келгенде күн ыси бастады да, сәл қиындау тиді. Сонда да бар күш-жігерімізді жұмсап, орта жолдан тоқтамай, барлық кезеңді ойдағыдай аяқтадық, – дейді триатлонға қатысушылардың бірі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев.  

Әйелдер арасында мәреге бірінші болып түркиялық спортшы қыз – Sayar Sera 4 сағат 35 минутта, екінші – ресейлік Инна Цыганок-Тутукина 4 сағат 36 минутта, үшінші Дина Шаймерденова жеткен. Триатлон соңында әр жас тобының жеңімпаздары анықталып, келесі жылы Финляндияның Лахти қаласына өтетін IRONMAN 70.3 чемпионатына баратын жеңімпаздар белгілі болды.  


Ұлан ОРАЗ

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды