Үстел теннисінен жарыс өтті

Спорт
02.09.2022, 11:27
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Қазкөліккәсіп» ҚБ-нің 30 жылдық мерейтойына орай Қызылорда станциясында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды. Салалық мекемелердің спортқұмар теміржолшылары арасында өткен додаға қатысушылар жасына шектеу қойылған жоқ.

Десек те, әркімнің оң жамбасына келе бермейтін, өзіндік ерекшелігі бар спорт түрінің көпшілік арасында кең тарай қоймағандығы бұл жерде де байқалды, үміткерлер саны аздау болып, ойын бес үстел үстінде өтті. Кәсіподақ ұйымдары белсенділерінің ұйымдастыруымен таңертеңнен басталған жарыс түске қарай қыза түсті. Өйткені, дүрмекке ілесіп келгендер қатардан шығып, теннисті тұрақты ойнайтындар ғана қалған еді. Көпшілік нағыз шебер ойын өрнегіне куә болды. Үстелдің қос қапталындағы шекараларына шар түсірмей қарсыласының осал тұсын аңдып, теннис добын нысанаға түсіріп, көп ұпай жинаған шеберлер мен ептілердің бағы жанды...  

– Үстел теннисі Сала кәсіподағының 30 жылдық мерейтойына орайластырылып өткізіліп отыр. Мұның алдында футбол, волейбол турнирлері Қазалы, Қызылорда станцияларында өтті. Екі спорт түрі де аймаққа кең тараған. Ойыншылар да көп болды. Бүгін, міне, үстел теннисінен жарыс мәреге жеткелі отыр. Теміржолшылар спорттық шараларға белсене қатысып, кәсіподақ тарапынан әзірленген жүлделерге қол жеткізіп жатыр, – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов.  

Түске таман финалдық жекпе-жек басталып, үш ойыншы суырылып алға шықты. Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Бақыт Иманалиев 3-орынға, Қызылорда бөлімшесінің инженері Талғат Сыздықов 2-орынға табан тіресе, жарыс жеңімпазы болып спорт секторы Бақытжан Имбергенов танылды. Жеңімпаздарға кубок, диплом және бағалы сыйлықтар берілді.  

 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?