Теміржолшылар арасында шағын футболдан республикалық чемпионат өтті

Спорт
17.09.2022, 20:20
Елена Колдасбаева

Собственный корреспондент по Алматинской области

Алматыда теміржолшылар кәсіподағының бірінші төрағасы Борис Егорович Шубинді еске алуға арналған шағын футболдан "ҚТЖ" ҰК" АҚ чемпионаты өтті.  Іс–шара "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның 25 жылдығына және Кәсіподақтың 30 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 17 команда қызықты ойын көрсетті.  

Ашылу салтанатында "Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразғали Ахметбаев құттықтау сөз сөйледі.  

Ол "Б.Шубин атындағы Кубок" үшін жарысқа қатысу - үлкен құрмет екенін атап өтті. Өйткені Борис Шубин салалық спорттың, дене шынықтыру қозғалысының дамуына баға жетпес үлес қосты.  

Құрметті қонақтар арасында саланың еңбек сіңірген ардагері Қалтай Самбетов, Борис Шубиннің ұлы – Максим Шубин бар.

Үшінші және төртінші орынға Қостанай мен Жамбыл командалары таласты. Турнирде үшінші орын алған Қостанай командасы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Маңғыстаудан келген спортшылар доп тебудің керемет техникасын көрсетіп, екінші орынға ие болды.  

Бірінші орынды Қарағандыдан келген команда жеңіп алды. Дәстүрлі түрде турнирдің үздік ойыншылары анықталды. Үздік сұрмерген - атыраулық Исланбек Орынғалиев, Үздік қақпашы - Тараздан Жандос Пошта, ең ұтымды ойыншы - Дауылбай Қожаниязов, ең белсенді ойыншы-Шымкенттен Абылай Эбилхайыр және Павлодардан Ризабек Жұмабеков ең перспективалы ойыншы деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның 25 жылдығына арналған мерекелік медальдармен Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай және Достық спорт нұсқаушылары марапатталды.

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады