23-25 қыркүйекте Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы VII Спартакиаданың суперфиналы өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Суперфиналға аймақтық іріктеу жарыстарында жеңіске жетіп, 1-4-ші орын алғандар бақ сынасады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құрама командасы сапында 61 теміржолшы өнер көрсетеді. Олар спорттың жеті түрінен сайысқа түседі (шағын-футбол, волейбол, стритбол, қол күрес, үстел теннисі, шахмат, тоғыз құмалақ).