Республика күніне орай ардагерлер арасында спорттық сайыс өтті

Спорт
28.10.2022, 11:10
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар қайта оралған Ұлық мерекені есте қаларлықтай елеулі оқиғалармен атап өтті. Семей бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы мен ардагерлер ұйымы бірлесіп спорттық шаралар ұйымдастырды.

Көпшілікті күнтізбеге қайта енген ұлттық мерекемен құттықтаған бөлімше басшысы Владимир Бабиченко еңбек жолын отандық теміржол көлігінің дамуына арнаған ардагерлер қауымы әрдайым назарда екенін айтып өтіп, бүгінгі шараны ұйымдастырып отырғандарға алғыс айтты.  

Спорттық сайысқа қатысуға 25 ардагер тілек білдіріпті. Өзара үш топқа бөлінген қарт теміржолшылар спорттың шахмат, дартс және үстел теннисі түрінен білек сыбанып, сайыс жолына шықты. Әрқайсысы өзіне ыңғайлы спорт түрін таңдаған ардагерлер түс ауғанша сайыс көрігін қыздырды. Үш бірдей алаңдағы сайыс саябырлаған соң ғана «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкова бастаған қазылар алқасы жеңімпаздарды жария етті. Жүлделі орынға ие болған ардагерлерді бөлімше басшысы Владимир Владимирович пен кәсіподақ төрағасы Алик Тұрсынұлы марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті.  

Ардагерлер арасынан мергендік сынға түскен дартс ойынында Семей станциясының зейнеткері Ерғазы Жұмагелдин бас бәйгені еншіледі. Ал үстел теннисінен байырғы қозғалысшы Серік Абижанов бірінші орын алды. Шахматтан бас жүлде ардагерлер ұйымының төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітұлына тиесілі болды. Екінші және үшінші орын алған зейнеткерлер де сый-сияпатсыз қалмады.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды