Атырау командасы республикалық сайыста бақ сынайды

Спорт
01.11.2022, 11:19
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында «KAZPROFTRANS-2022» теміржол футбол лигасының кубогы турнирі өтті. Сала кәсіподағының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген аймақаралық сайысқа Батыстағы үш аймақ – Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау теміржолынан командалар қатысты.

Республика күніне орай Ақтөбе станциясында өткен футбол лигасының аймақаралық кезеңінің салтанатты ашылу рәсімінде сапқа тұрған командалар мемлекеттік Әнұранды орындады. Осыдан кейін төрешінің шешімімен кезегімен алаңға шыққан көмандалар ойынды бастап кетті. Бір-біріне дес бермей, теңбіл допты қуып жасыл алаңда алашапқын болған командалардың осалы жоқ, бәрі де кәсіби футболшылардай ойын көрсетті. Әсіресе, атыраулық команда сайдың тасындай ойыншыларымен оқ бойы озық көрінді. Сәйкесінше, 1-орын Атырау ТЧЭ командасына бұйырды. Екінші және үшінші орынды Ақтау порты және Шалқар ШЧ-3 командалары бөлісті. Үздік команда республикалық ойында өнер көрсететін болады.

«Кәсіподақтың 30 жылдығына арналған спорттық шара жыл басынан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі турнир жеңімпазы болып танылған Атырау командасы енді Астанаға барып, республикалық сайыста бақ сынайтын болады», – дейді Ақтөбе бөлімшесінің спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан. 

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді