Қарағандылық теміржолшылар топ жарды

Спорт
08.11.2022, 10:40
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Тараз төріндегі «Алаш арена» футбол алаңында Сала кәсіподағының 30 жылдығына орай «Казкөліккәсіп 2022» – «Теміржолшылар футбол лигасының кубогі» турнирінің финалы өтті. Жарысқа бірнеше аймақтан бес команда қатысты.

Жамбыл локомотив пайдалану депосының командасынан бөлек Түркістан облысынан Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының, Қарағанды облысынан Қарағанды локомотив пайдалану депосының, Павлодар облысынан Екібастұз вагон пайдалану депосының және Атырау облысынан Атырау локомотив пайдалану депосының командалары қатысқан турнирдің ауқымы кең болды. Ашылу салтанатына Астанадан арнайы келген Кәсіподақтың Орталық кеңесі Ұйымдастыру жұмыстары департаментінің директоры Нұрлан Нұрпейісов, «Астана» филиалы төрағасының орынбасары Әбиүр Жұмаев құттықтау сөз сөйлеп, командаларға жарыс жолында жеңіс пен сәттілік тіледі.  

Ойын барысында барлық командалардың тас-түйін дайындықпен келгені көрініп тұрды. Доп додасына қатысушылардың көңіл-күйі де жоғары болды.  

– Қазақстан темір жолының 25 жылдығы мен Сала кәсіподағының 30 жылдық даталары құрметіне өткен турнирге алты өңірдің кілең сайыпқыран ойыншылары жиналып, ә дегеннен тартысты өрбіп, шиеленіске толы болды. Қай команданың жеңіске жетері соңғы таймға дейін белгісіз болды. Дегенмен, Қарағандыдан келген қонақтардың мерейі үстем болып, турнир кубогын алып кетуі әділетті болды. Сөз жоқ, жігіттер өте шебер ойнады, – деді Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов.  

Жарыс соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де салтанатты жағдайда өтті. Бас жүлдені иемденген Қарағанды локомотив пайдалану депосының командасына үлкен құрмет пен қошемет көрсетілді. Екінші орыннан көрінген Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының командасы да лайықты марапатталды. Үшінші орын алған Атырау локомотив пайдалану депосының ойыншылары да сый-сияпатсыз қалмады. Сонымен қатар турнирге белсене қатысып, командаларды дайындаудағы еңбегі үшін Мәди Қонысбаев (Екібастұз), Данияр Еңсебаев (Атырау), Қуаныш Таутанов (Қарағанды), Көмек Асанов (Арыс), Ерлан Мұқанов (Тараз) арнайы марапатталды. «Үздік ойыншы» болып Салғазы Тынысалым (Арыс), Ержан Айтжанов (Атырау), Алдияр Нұрсұлтанов (Қарағанды) танылса, «Үздік шабуылшы» аталымына Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкері Абылай Әбілхайыр ие болды.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды