Болат жолдың бұрымдылары боулинг ойнады

Спорт
29.11.2022, 10:10
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

«Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның 30 жылдығына және «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күніне» орай жамбылдық болат жолдың бұрымдылары боулинг алаңында кездесті.

Шараны «Жамбыл ЖТ бөлімшесінің» кәсіподағы ұйымдастырып, оған бөлімшеге қарасты Тараз, Шу, Түрксіб станцияларындағы теміржол мекемелерінің арулары қатысты. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Дүйсен Сыдықов, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде күндіз-түні тынбай еңбек етіп жүрген теміржолшы әйелдерге сәттілік тіледі.  

Ойын екі кезеңмен өтіп, оған алты команда қатысты. Бірінші кезең командалық, екінші кезең – жеке ойыншының шеберлігін анықтауға арналды. Әр команда құрамында 7 адам ойын көрігін қыздырды. Алғашқы командалық ойынның нәтижесімен «Тараз станциясы» бірінші, «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» екінші, «Жамбыл локомотив пайдалану депосы» үшінші орынды иеленді.  

Ал жеке ойыншының шеберлігін анықтаған жарыста Жамбыл локомотив пайдалану депосы кадр бөлімінің басшысы Гүлвира Мұратбаева сұрмергендігімен топ жарып, қарсыластарын қапа қалдырды. Екінші орын мінберінен Жамбыл вагон пайдалану депосы кадр бөлімінің басшысы Баян Қондыбаева табылса, «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» Техникалық құжаттар бөлімінің аға тауар кассирі Асыл Жүкеева үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.  

Бұл күні ойынға қатысқан 42 қыз-келіншектің ешқайсысы сый-сияпатсыз қалмады. Шу станциясының аға операторы Надежда Усманова «жасы үлкен қатысушы» аталымын иеленсе, Түрксіб станциясынан келген Махаббат Керімқұл «ең жас қатысушы» аталымына ие болды. Барлық қатысушыларға жанашыр болып қолдап, сүйеп, демеп жүрген Жамбыл бөлімшесі кадрлар бөлімінің менеджері Қымбат Ақжолова «Жанкүйерлер көзайымы» атанды. Қалғандарына бағалы сыйлықтар таратылды.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады