Арыста теміржолшылар арасында дүбірлі дода өтті

Спорт
06.12.2022, 11:33
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Қоғам арасында бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығын нығайтудың кепілі. Ал теміржолшылар арасында спортпен тұрақты айналыспайтын адам жоқ десек болады. Түрлі спорттық шараларды тұрақты өткізу үрдіске айналған.

Жуырда Арыс қаласындағы Орталық стадионда өткен дүбірлі дода – осының айғағы. Салауатты өмір салтын ұстанатын теміржолшылар спорттың бірнеше түрінен бақ сынасты. Сала кәсіподағы Шымкент филиалының төрайымы Нағима Салықбаева «Ел тәуелсіздігі күні қарсаңындағы бұл спорттық сайыс «Қазкөліккәсіп» ұйымының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды» дейді.  

Кәсіподақ ұйымы өкілдері ұйымдастырған шараға барлығы 70-ке жуық адам қатысып, шағын футбол мен арқан тартудан өткен сайыста 7 команда сайысты. Жарыстың талапқа сай тәртіппен өтуін Шымкент филиалының спорттық шараларды ұйымдастырушы-нұсқаушысы Елена Маньшина мен Арыс станциясының спорт нұсқаушысы Көмек Асанов бастаған қазылар алқасы қамтамасыз етті.  

Күнұзаққа созылған тартысты ойында жеңімпаз команданы анықтау оңайға түспеді. Айталық, бес адамнан құралған командалық арқан тартыста жеңіс әр тарапқа ауып түсіп, жігіттерге бірнеше реттен күш сынасуға тура келсе, футболдағы жеңімпаз пенальти арқылы анықталды. Нәтижесінде арқан тартудан ШЧ-38 командасы 1-орын, ТЧЭ-32 командасы 2-орын, ал ВЧД-30 командасы 3-орынға лайық деп танылды. Ал футбол бойынша ШЧ-38 (1-орын), ВЧД-30 (2-орын) және ШЧ-30 (3-орын) командасының екінші құрамасы жеңіс тұғырынан көрінді.  

Осылайша, күш-қуат пен шеберлік сынға түскен сайыста үздіктер анықталып, түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Жеңімпаз команда арнайы кубок иеленсе, «Үздік шабуылдаушы», «Үздік қақпашы» аталымдары бойынша арнайы дипломдар табысталды.

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті