Машинистерден құралған команда аудандық футбол лигасына қатысуда

Спорт
10.01.2023, 12:51
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазалы станциясында кіші футболдан әуесқойлар арасындағы аудандық футбол лигасына машинистерден құралған команда да қатысуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Станциядағы ТД-23 Қазалы айналым депосы басшылығы мекеме жастарының футболға деген құлшынысын біледі, сондықтан депо атынан "ТД-23" командасын жарысқа қосты. Мекемеде жас спортшылардың көп болуына байланысты уақыт өте келе әуесқойлар арасында 'Б' лигасы ашылғанда депо жастары бірігіп, ''ТД-23 Локомотив'' командасы болып құрылды. Команда жетекшісі Тоқтар Әлмахановтың айтуынша, "А" лигасында өнер көрсететін Әділбек Жұмахметов үздік қорғаушылар қатарынан көрінсе, Баубек Қожамұрат өткен жылдағыдай үздік шабуылшы атағын иемденіп келеді.  

– Ал "Б" лигасында өнер көрсетіп жатқан Едіге Нұрислам 5 гол соғып, шабуылшылар қатарында көш бастаса, қорғаушылар Нұрлыбек Бимұрат, Көпжан Түлеков, Қуаныш Мұқан мен қақпашы Серік Өмірзақ бар жан-тәнімен қақпаны күзетуде. Негізі қарап отырсақ, лигадағы сақа командалар ішінде тек "ТД-23" қана бір мекеменің ішінен құралып шығып тұр. Осындай жарысқа қатысуға мүмкіндік берген депо ұжымына және Талғат Есқалиев, Бимұрат Ерлан, Алтынкүл Захароваға алғыс білдіреміз. Әр сенбі және жексенбі күндері өтетін ойындарға депо ұжымы топ болып келіп командаға жанкүйерлік етіп жүр. Теміржол жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға үлес қосып, демеушілік жасап жүрген Қызылорда жол бөлімшесінің кәсіподақ төрағасы Мұхтар Көпірбаевқа алғыс білдіреміз, – дейді Т. Әлмаханов.  

Лига жеңімпазы биыл Астана қаласында өтетін әуесқойлар арасындағы республикалық чемпиондар лигасына қатысуға жолдама алады. Соңғы жарыс ақпан  айында өтеді. Бұған дейін олар «Намыс», «17 Спорт бөлімі» командасын жеңіп, «Қайсар», «Авангард» командаларымен тең түсті, алайда «Сыр маржаны» ойыншыларынан ұтылып қалды. Бұған дейін әлі еш мекемеден жеңіліп көрмеген теміржолшылар командасы алдағы жарыстан зор үмітті. Себебі олар бұған дейін де футболдан Қазалы қаласының чемпионы, Қазалы станциясының теміржолшылар арасындағы чемпионы, Қызылорда облысында теміржолшылар арасында чемпион болып жүр.  

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!