Іріктеуден өткен волейболшылар Бурабайда бақ сынайды

Спорт
20.02.2023, 14:58
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылдың мамыр айында волейболдан теміржолшылар арасында өтетін чемпионатқа түбектің құрама командасы дайын. Олар жақында Маңғыстау станциясындағы «Жеңіс» спорт кешенінде өткен іріктеу турнирінің  нәтижесі бойынша таңдалды.    

Іріктеу ойынында Болашақ, Өзен, Бейнеу, Маңғыстау станцияларынан келген жеті топ өзара бақ сынасты. Іріктеу турнирі болғандықтан барлық ойыншы да үздік нәтиже көрсетіп, алдағы чемпионатқа қатысуға ынта-жігері көрініп тұрды. Таңертең басталған жарыс кешке дейін жалғасып, ойыншылар тіпті түскі уақытта да үзіліс алмады.  

– Теміржолшыларымыз өте шебер ойын көрсетті. Спорт кешені кешкі сағат 19:00-ге дейін бос болған жоқ. Жарыс тартысты да шиеленісті өтті. Олардың ішінен жеңімпаз командаларды анықтау оңай болған жоқ. Бәрі үлкен дайындықпен келіпті. Дегенмен қорытынды есеп бойынша бірінші орынды қосалқы бөлімнің командасы, екінші орынды Болашақ станциясындағы теміржол мекемелерінен жинақталған жігіттер,  үшінші орынды Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының ойыншылары алды. «Үздік ойыншы» аталымы  Саламат Бекеновке бұйырды. Ол бұрын да құрама команда сапында болған еді. Енді араға төрт жыл салып тағы да үздік ойыншылар қатарына кіріп, Бурабайда өтетін чемпионатқа Маңғыстау теміржолының атынан қатысуға мүмкіндік алды. Кешегі іріктеуден өткен жігіттеріміз де дайындыққа кіріспек.  Олардан күтеріміз тек қана жеңіс, – дейді Маңғыстау теміржолының спорт жөніндегі нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.  

Жарыс соңында жеңімпаз командалар қаржылай сыйлықтармен, диплом және кубокпен марапатталды. Ал Бурабайға барып, түбек теміржолының намысын қорғайтын құрама командада «Сен тұр, мен атайын...» дейтін кіл мықты ойыншылардан  құралған тоғыз жігіт бар.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды