Бейнеуде шағын футболдан жарыс өтті

Спорт
17.03.2023, 10:16
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бейнеулік теміржолшылар көктемді түрлі спорттық шаралармен бастады. Өткен апта Амал мерекесіне орай шағын футболдан жарыс өтті.

Сегіз команда бақ сынасқан бәсеке ә дегеннен көтеріңкі көңіл-күймен қызықты және тартысты басталды. Ақтық сынға шыққан Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің құрама командасы мен Бейнеу жол дистанциясының командасы өте тамаша ойын өрнегін көрсетіп, бөлімше жігіттері басым түсіп, бірінші орынды иемденді. Жолшылар екінші, ал Бейнеу станциясының командасы үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаздар кубок, дипломдармен марапатталды. Иса Құрбанбаев «Үздік ойыншы» атанса, Рахметулла Башпалаев «Үздік қақпашы» номинациясына ие болды.  

Жағымды жаңалық, Бейнеу станциясынан спорттық жаттығу залын ашу қолға алынып жатыр екен. Ол үшін Бейнеу айналым депосының демалыс үйі ғимаратынан орын дайындалуда, керекті спорттық жабдықтың біразы Маңғыстау станциясынан жеткізілген. Жуырда Бейнеу торабы бойынша спорт нұсқаушысы болып жұмысқа қабылданған Бегзад Нұрәлиев осы жұмыстармен айналысуда. Айтпақшы, кешегі өткен жарыс оның алғашқы ұйымдастырған жұмысы көрінеді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды