Шалқар станциясында отбасылық сайыс өтті

Спорт
25.04.2023, 11:18
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Әкем, анам және мен». Шалқар станциясы теміржолшылары арасында осындай атаумен спорттық сайыс өтті. Аты айтып тұрғандай отбасымен сайысқа түскен теміржолшылар бәсекесі қызу әрі қызықты өрбіді.

Шараға Шалқар станциясындағы барлық темір жол мекемелерінен белсенді отбасылар қатысты. Сайыс WorldAthletics-тің келесідей ережелері бойынша ұйымдастырылды: жіппен секіру, айқаса секіру, допты лақтыру, найза лақтыру, формула-1 эстафетасы, ілесе секіру, тосқауылмен жүгіру және джампингтен белсенділік сыналды.  

Біріне бірі дес бермей, бірін бірі басып озып, артық ұпай жинауға тырысып жанталасқан отбасылар, оларға демеушілік жасап қиқуға басқан жанкүйерлер де бұл күні бір серпіліп қалғаны анық.  

«Кәсіподақ ұйымы тарапынан спорттық шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сәуір айында спорттың жеңіл атлетика түрінен де отбасылық жарыс өткізген едік. Әрбір спорттық шара – ұжымдық ауызбіршілік пен салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған. Теміржолшылар мекемеде ғана емес, отбасыларымен тығыз байланыс орнататын болады», – дейді аймақтық спорт нұсқаушысы Нұргүл Батырхан.  

Тартысты өткен сайысқа төрешілік жасағандарға да жеңімпаз жанұяны анықтау оңайға соққан жоқ. Бір-екі ұпаймен алға шыққан Шалқар станциясы бастығының орынбасары Дауылбаевтар жанұясы бас жүлдеге лайық болды.  

Екінші жүлделі орынды әскерилендірген теміржол күзеті мекемесінің қызметкері алса, үшінші орын вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті қызметкері Ермағамбетовтер отбасына бұйырды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды