Ұлттық ойындар айлығы басталды

Спорт
06.06.2023, 11:23
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржолшылар қауымы жазғы маусымды ұлттық ойындар айлығымен бастады. Игілікті шараның бастамашысы – жергілікті кәсіподақ ұйымының белсенділері.

Ұлттық ойындар шеруі ең алдымен халқымыздың дәстүрлі тоғызқұмалақ ойынымен басталды. Айта кетерлігі сол, аймақтағы тәрізді семейлік теміржолшылар арасында да тақталы ойын түрі кеңінен танымал болып келеді. Ал оны ұйымдастырудағы басты мақсат әсіресе жас буын арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау, халқымыздың төл өнері мен спортын дамыту.  

Бөлімше бойынша тоғызқұмалақшылар аса көп болмағанымен жақсы ойнайтын теміржолшылар бар болып шықты. Сондықтан да қатысушылар ерлер мен әйелдер ретінде екі топқа бөлініп, өзара жарыс көрігін қыздырды.  

Тоғызқұмалақ – байыптылық, байқампаздық пен дәл есептеу сынды қасиеттер сынға түсетін, логикаға негізделген ерекше ойын. Зияткерлік қабілетті дамытатын тақталы ойын барысында ойлау қабілеті жүйріктер ғана топ жарды.  

Атап айтсақ, ерлер арасында ПЧ-39-дан келген Аслан Толымхан бірінші орын алса, ПЧ-40 ойыншысы Нұрбек Қалиев екінші орын алды. Үшінші орын ЭЧ-18 ойыншысы Сұлтан Төлеуханға бұйырды.  

Сол тәрізді тоғызқұмалақ ойыны әйелдер арасында да мейлінше тартысты өрбіді. Бұл орайда бірінші орынды «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалынан келген Айгерім Тоқпанова иеленді. Ал екінші және үшінші орындарды салалық кәсіподақ ұйымының қызметкерлері Данагүл Өтеленова мен Сәуле Асқарова бөлісті.  

Тоғызқұмалақ Семей теміржолының тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Сондықтан болар әсері де ерекше болды.  

Ойынның соңында бөлімшенің кәсіподақ төрағасы Алик Досанов пен спорт нұсқаушысы Наталья Мешкова жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды