Теміржолшы құрметіне шағын футболдан турнир өтті

Спорт
06.06.2023, 11:34
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор

Өткен жексенбі арыстық теміржолшылар үшін тамаша спорттық шарамен есте қалды. Шымкент магистральдық  желі бөлімшесіне қарасты Арыс белгі беру және байланыс дистанциясы техникалық бөлімінің техникалық инженері Абдулла Тайырұлының 60 жас мерейтойына арналған шағын футбол турниріне 5 команда қатысты.

Абдулла Тайырұлы 1989-1998 жылдары Отырар, Арыс, Ордабасы аудандарында радиотелемеханик болып еңбек етті. Ал темір жолдағы еңбек жолын 35 жасында электромеханик, метролог болып бастады. 2007 жылы дистанцияда телім басшысы, 2009 жылы жөндеу және техникалық бөлім басшысы, 2012 жылдан техникалық бөлімнің жетекшісі, метрологиялық зертхананың бастығы сынды қызметтерді атқарды.  Электрлік желі мен физика ғылымымен жаны егіз Абдулла Тайырұлы ШЧ-38 Арыс белгі беру және байланыс дистанциясына келместен бұрын түрлі салада 4 мамандықта білім алыпты. «Жаныма жақыны осы метрология болды, осы жерде, темір жолда ғана өзімді тапқандай болдым, жұмысым жаныма жақын, өзіме қатты ұнайды» дейді кейіпкеріміз. Қазіргі таңда ізін басып келе жатқан метролог маман Кенжебек Күшікбаев пен 1-санаттағы инженер Дәулет Тұрысбеков өздерін Абдулла Тайырұлының шәкірттері санайды.  

«Әр адам туған күнін әрқалай атап өткенді қалайды. Мен үшін маңыздысы туған отбасыма айналған ШЧ-38 ұжымымда осындай шара өткізу болды. Қаржыны тойға емес, салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа жұмсағанды жөн көрдім», – дейді метролог-инженер. 

Жалпы футбол турниріне 5 команда қатысты. Жүлде қорына 300 000 теңге қарастырылып, 1-орынды «Электр орталығы», 2-орынды «ШЧ-38» әкімшілігі, 3-орынды «Байланысшылар» командалары иеленді. Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік футболшы», «Үздік төреші» номинацияларына да қаржылай ынталандыру сыйлығы мен арнайы Алғыс хаттар табысталды. Жеңімпаздарды «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент филиалының төрайымы Нағима Салықбаева мен Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ төрағасы Ерлан Серперов арнайы құттықтап, марапаттады. Ал іс-шараға себепші мерейтой иесіне қазақы дәстүрмен шапан жабылып, сый-құрмет көрсетілді. 

 

Бүгінде теміржолшы Абдулла Тайырұлы мен жары Ләйлә екеуі 1 ұл, 1 қыз өсіріп, олардан немере сүйіп отырған бақытты ата-әже.

«Жұбайым Ләйла Әлібекқызы 36 жылдық өтілі бар жоғарғы санатты «Ұлағатты ұстаз». Балам Абибулла Абдуллаұлы өз жолын үлгі тұтқан осы мекемеде электр орталықтандыру бөлімінде «электромеханик», қызым Айнұр Абдуллақызы Астана қаласындағы Балалар емханасында дәрігер», – дейді теміржолшы.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды