Теміржолшылардың кәсіби мерекесіне орай спорттық сайыс өтті

Спорт
18.07.2023, 10:07
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде қол күресі, кіші теннис және дәлдікті көздеу-дартс ойыны түрлерінен өткен спорттық сайыс алдағы теміржолшылардың кәсіби мерекесіне арналды.

Бес команда қатысқан жарысты бөлімшенің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырып, демеушілік жасады. Бір мезетте бірнеше спорт түрінен өткізілген жарыс командалардың спорттың барлық түріне шеберлігін де сынға салған шара болды. Өйткені, ойыншылар арасында бірінен екіншісіне оңай ауысып, қос-қос жүлде алып жатқандар қатары аз болмады. Бірі ойынды кәсіби дәрежеде алып жүрсе, енді бірі осалдық танытып жатты. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні мәлім, дегенмен жеңіске ұмтылған командалар тартысты да шиеленісті ойын көрсетті.  

Жалпы жарыс магистральдық желі бөлімшесі бойынша өткізілгендіктен кей жарыстарда ұпай командалық есеппен саналып нәтижеленуде, ал кей түрінен жекелей сын жасалды. Кіші теннистен жекелей сында «НЖС» командасынан Бауыржан Төлегенов 1-орын, «Норпож» құрамасының өрт сөндірушісі Дулыға Ахметов 2 орын иемденіп жүлде алды. Ал жарыс соңында барлық құрамалар арасында асығы алшысынан түскен Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жеке құрамы «НЖС» жүлделі 1-орын алды. Өрт сөндіру пойызының «Норпож» құрамасы 2-орынды иемденсе, жүлделі 3-орынды құрылыс және жөндеу бригадасының «РСБ» командасы қанағат тұтты.  

Әріптестеріне қолдау білдіріп келген бөлімше директоры Ибраким Басықараев баршаны алдағы кәсіби мерекемен құттықтап, салауатты өмір салтын ұстанып, ұжымды ұйытуға септік ететін спорттық ойындарда бәрі де жеңімпаз деп жариялады. Ажар Ерманова басқаратын кәсіподақ ұйымының белсенділері спорттық шараның ойдағыдай өтуіне бар жағдайды жасап, жүлдегерлерді бағалы сыйлықпен, кубок, дипломмен марапаттады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды