Әйтеке би станциясында футболдан турнир өтті

Спорт
01.08.2023, 10:13
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбенің шалғайдағы Әйтеке би станциясында «Қазкөліккәсіп-2023» футбол лигасының кубогінен турнир өтті.

Жалпы, теміржолшылар арасында футбол ойыны ерекше дамыған. Түрлі турнирлер өтіп, өзара жарыстар тұрақты ұйымдастырылып тұрады.  

Бұл жолы да шағын футболдан тартысқа түскен командалар арасында сауатты да мәнерлі ойын болды. Әр команда намысты қолдан бермеуге тырысты. Сондықтан соңына дейін жүлделі орындарды анықтау қиынға соққаны рас. Дегенмен, ойын басынан ширақ қимылдаған әскерилендірген күзет қызметінің командасы 1 орынды алды. Әйтеке би станциясының командасы 2 орын иеленсе, магистральдық желі бөлімшесінің командасына 3 орын бұйырды. Жалпы, үш команда да ойын үлгісін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

«Теміржолшылар мерекесі қарсаңында өтіп жатқан шараның маңызы ерекше. Үш команда арасындағы іріктеуде мықтылығын көрсеткен Әйтеке би станциясындағы әскерилендірілген күзет қызметі 28 шілдеде өтетін қалалық турнирге жолдама алды. Әрі қарай Батыс аймақтық теміржолшы командалары арасынан анықталған мықтылар Павлодар қаласында өтетін жарысқа қатысады», – деді Әйтеке би станциясының спорт нұсқаушысы Марат Жанасов.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады