Велошабандоз Жамбыл өңіріндегі сапарын Шу – Мойынты телімінің 70 жылдығына арнады

Спорт
01.08.2023, 10:24
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеден жолға шыққан велошабандоз, ардагер-теміржолшы Жұмабай Отарғалиев көне шаһар Тараз қаласына келіп жетті. Тараз вокзалында ардагерді жергілікті теміржолшылар күтіп алып, ас-суын алдына тосты.

Ақтөбеден жолға шыққан велошабандоз, ардагер-теміржолшы Жұмабай Отарғалиев көне шаһар Тараз қаласына келіп жетті. Тараз вокзалында ардагерді жергілікті теміржолшылар күтіп алып, ас-суын алдына тосты.

Велошабандоз қария өзінің биылғы миссиясы Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына арналып отырғанын тілге тиек етті. Ағымдағы жылы Жамбыл бөлімшесінде де атаулы даталар баршылық. Ең бастысы Шу – Мойынты телімінің іске қосылғанына 70 жыл. Одан бөлек Сарышаған станциясы да 70 жылдығын атап өткелі жатыр. Жалпы, биылғы жылы Әулиеата – Бішкек телімінің құрылысы басталғанына 100 жыл толып отыр екен, бұл атаулы даталарды бөлімше күзде атап өткелі отыр.  

Бұл жаңалықты естіген велошабандоз өзінің бағытын өзгертетінін айтты.  

«Ендігі бағытым Алматы еді, сондықтан мынандай атаулы даталарды атап өткелі отырған Жамбыл бөлімшесіне қарасты біраз станцияларға ат басын бұрып, Жамбыл жеріндегі миссиямды Шу – Мойынты телімінің 70 жылдығына арнағым келді», – деді ол.  

Сөйтіп, қария ендігі бағытын Тараз – Түркісіб – Шу – Сарышаған – Мойынты телімдері бойынша өзгертті.  

Тараз қаласында бір күн тыныққан ардагер велошабандозшыны жамбылдық теміржолшылар вокзал маңындағы іргелі ескерткіштердің біріне айналған паровоздың жанынан сәтті сапар тілеп шығарып салды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды