Шалқарда теміржолшылар арасында спорттық ойындардан сайыс өтті

Спорт
14.09.2023, 10:26
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Ақтөбе филиалы ұжымы спорт ойындарының үш түрінен турнир өткізді. Шара отыз жылдан аса уақыт өмірін темір жол бойын күзетуге арнап, атқыштар бригадасын басқарған Құлетов Аманғали Ордаұлын еске алуға арналды.  

Турнир Шалқар теміржол мекемелерінің командалары арасында өтті. Спорттық ойындарға әбден машықтанған теміржолшылар футбол, үстел теннисі, волейбол ойындарынан бақ сынады. Турнирдің жалпыкомандалық есебі бойынша қола медаль ШЧ-3 командасына бұйырса, күміс медальді Шалқар локомотив жөндеу депосы еншіледі. Ал бас жүлдені Ақтөбе филиалы командаларынан құралған Әскерилендірілген теміржол күзет бөлімі қанжығалады.  

«ӘТЖК» ЖШС Ақтөбе филиалы мен Шалқар бөлімшесінің басшылары мұндай кездесулердің ұжым үшін ұтымды тұстары көп екенін айтты.  

«Теміржол қызметкерлері арасындағы дүбірлі додалар әр жұмысшының денсаулықтарына өте пайдалы. Жұмыс пен спортты қатар ала жүргендеріңіз қуантады. Күзет мықты болса, қауіп жоқ», – деді «ӘТЖК» ЖШС Ақтөбе филиалының басшысы Сарыбай Сәрсенов.  

Оқ бойы озық көрінген жеңімпаздар мен ұжым белсенділеріне мақтау қағаздары, медальдар мен кубок табысталды. Кіші футбол, волейбол, үстел теннисі жарыстарында әр ойыншыға бағалы сыйлықтар мен ас үй техникалары сыйға тартылды.

Сонымен қатар жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаз командаға марқұмның отбасы ақшалай сыйлық табыстады. Бірінші орын алған командаға 100 мың теңге, екінші орын алған командаға 70 мың теңге, үшінші орын алған командаға 50 мың теңге табысталды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды