Шетпелік теміржолшылар арасында шағын футболдан сайыс өтті

Спорт
25.09.2023, 11:49
Оқуға 1 мин
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен апта маңғыстаулық теміржолшылардың жеңіске толы табысты аптасы болды. Спорттық ойындарда бағы мен бабы үйлескендер жеңіс тұғырынан көрінді.  

Шетпелік сала қызметкерлері шағын футболдан бірінші орыннан көрінсе, Өзен станциясында еңбек ететін теміржолшылар садақ атудан алдына жан салмады. Шетпелік футболшы теміржолшылар Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы, газ саласының еңбек ардагері Бостанғали Серікбаевқа арнап «ҚазТрансГазАймақ» ұйымдастырған мекемеаралық шағын футбол додасында бақ сынады. Командаға станция ұжымында және вагон депосы, жол дистанциясы мен «Теміржолсу» мекемесінде жұмыс істейтін кіл мықты жігіттер жиналды. Қазақстан теміржолының, соның ішінде Маңғыстау теміржолының намысы үшін сынға түскен олар қарсыластарынан ойсырата жеңіп, бас жүлде 100 мың теңгені қанжығаларына байлады. Осы топтың қақпасын мықтап күзетіп, доп кіргізбеуге барын салған бір ойыншысы «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды.  

– Теміржолшыларымыздың спорттағы жағымды жаңалықтары бізді қатты қуантты. Шетпеліктер шағын футболдан қарсыластарын артта қалдырды. Өзен станциясы бастығының орынбасары Самал Зулпыхаров Маңғыстау облысы мешіт жамағаттары арасындағы дәстүрлі садақ атудан ашық турнирде бірінші орынды иемденді. Жалпы, жігіттеріміз жарады. Олар сала қызметкерлерінің қашан да шымыр және мықты болатынын тағы дәлелдеді, – дейді Маңғыстау теміржолшыларының спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды