Атырау жүк тасымалында үстел теннисінен сайыс өтті

Спорт
28.09.2023, 13:20
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Үстел теннисі – елімізде, соның ішінде теміржолшылар арасында өте кең тараған ойындардың бірі. Жуырда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі Кәсіподақ ОК Атырау өкілдігінің ұйымдастыруымен жұмысшылар арасында үстел теннисінен ерлер және әйелдер арасында жарыс өтіп, оған өңірдегі теміржол мекемелерінен 20 адам қатысты.

Ойын түрі қозғалыс белсенділігімен ерекшелене отырып адамның бойына жылдамдық, ептілік, зейінді арттыру, әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттерін қалыптастырады. Соған сай теміржолшылар ойын барысында ракеткамен теннис шаригін қақпақылдап қарсыласына дес бермеуге тырысты, шабуыл шапшаңдығын үдетіп, допты қатты соққымен бағыттап отырды. 

Тартысты өткен ойын нәтижесінде ерлер арасында жүлделі бірінші орынды машинист-нұсқаушы Д.Сүлейменов иеленді. 2-орын машинист А.Тюмешов, ал 3-орын вагон қараушы М.Қаражігітовтің қанжығасына байланды. Ал әйелдер арасында 1-орынды ШЧ-8  электромеханигі Е.Жұмалиева жеңіп алды. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлық табыс етілді. Аймақтық жарыста орын алған жеңімпаздар енді үстел теннисінен Алматы қаласында өтетін жарысқа Атырау өңірінің құрама командасы ретінде қатысады.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды