Шаршы алаңда – ардагерлер

Спорт
05.12.2023, 11:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жұма күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ Теміржолшы-ардагерлер орталық кеңесінің 10 жылдық мерейтойына орай дойбы, шахмат, дартс, үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен жарыс өтті.

Жиырмаға жуық ардагер-теміржолшы қатысқан жарыс айтарлықтай қызықты өтті. Дартс – зейнеткерлердің мергендіктерін сынға салды, тирге дәл тигізіп, көп ұпай жинап, балаша қуанған жандармен бірге қуанысып, жебесі мүлт кеткендермен қоса мұңайдық. Үстел теннисінде әйелдер жағы бақ сынаудан тартынса, ерлер жағы бабында екендерін танытты. Есесіне, апаларымыз дойбыдан дес бермеді. Ақсүйектер ойыны шахматта ер азаматтардың бағы жанды.  

Қысқасы, екі сағатқа созылған жарысқа қатысқан да, қатыспаған да, жүлде алған да, алмаған да риза болды. Дартс ойыны бойынша әйелдер арасынан Мәриям Көмекова 1-орын (дойбыда 2-орын), Мукарама Картикенова 2-орын (дойбыда 1-орын), Раушан Абишева бұл жарыста да, дойбыда да 3-орын алды. Ерлер арасында Мұхит Контуренов жеңімпаз деп танылып, Қамидолла Айтимов пен Акрам Дигенбаев 2-ші және 3-ші орынды өзара бөлісті. Үстел теннисі жарысында Акрам Дигенбаев 1-орын алып, Қамидолла Айтимов 2-орынды еншіледі, ал Сейсембай Шермаханов ағамыз 3-орынды қанағат тұтты. Шахматқа екі ардагердің тісі батып, бұл ойында Амандық Алдаберген жеңімпаз деп танылса, екінші орын автоматты түрде Нұржан Жақсыбаевқа бұйырды. Жарысқа қатысып, жүлдегер атанған теміржолшы ардагерлерге дипломдармен қатар бағалы сыйлықтар табыс етілді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды