ҚТЖ-да ұлттық ойындар ұлықталды

Спорт
11.12.2023, 14:10
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Жеңіс Ағыбай
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да өтіп жатқан дәстүрлі спартакиада аясында осы сенбіде ұлттық ойындарға кезек берілді. Теміржолшылар асық ату, бес тас, арқан тарту және тоғызқұмалақ ойнап, өзара бақ сынады.  

Сарышұнақ аязға қарамастан зәулім залға жиналған ойыншылар алдымен асық ату жарысына кірісті. Екі жерде қатар жүріп жатқан ойынды тамашалап, қазылық етіп отырған республикалық деңгейдегі шеберге бардық. Асық атудан спорт төрешісі Жасұлан Әділбаевтың айтуынша, сайысқа 19 теміржолшы қатысып жатыр.  

– Ойынға қатысушыларды 4 топқа бөлдік. Әр топта бесеуден айналмалы жүйе бойынша ойнап жатыр. Яғни алыдмен 5 ойыншы бір-бірімен ойнап шығады, содан 1,2 орын алғандар басқа топтың жеңімпаздарымен қиылысқан ойында кездеседі.  Сосын барып ақтық кезең болады. Асық ату ойынының шарттары бойынша диаметрі төрт те төрт шеңбер, сол шеңберден 4 метрден жерде алыс тұрып, асықты шеңберден шығару керек. Көнге 15 асық тігіледі. Соның 8 асығын шеңберден шығара алса, уақытынан бұрын жеңіске жетті деген сөз. Бұл арнайы ережемен бекітілген асық ойыны, бұрынғысы көше ойыны еді, – дейді төреші. 

Сонымен асық ату ойынының нәтижесінде 1-орынды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкері Асқар Мәдібеков алса, екінші орын Магистральдық желі дирекциясының қызметкері Саят Дауылбайға берілді. Үшінші орынға «Нұрлы жол» вокзал кешенінен Қайыржан Ахауов лайық болып шықты.  

Одан әрі спорт орталығының екінші қабатына көтеріліп, бес тас пен тоғызқұмалақ ойынын тамашаладық. Қазақтың байырғы ойындарын жаңғыртып жатқандар  ойынға беріліп кеткені сонша, жан-жағына қарауға мұрша жоқ, бірін бірі аңдысқан қарсыластар. Тоғызқұмалақ бойынша Астана федерациясының аға жаттықтырушысы, ұлттық дәрежедегі төреші Биғали Зікіраевтың айтуынша, теміржолдан 14 команда қатысуда, олардың әрқайсысынан 1 әйел және 1 ер адамнан жарысуда.  

– Әрқайсысы жекелей есепте ойнайды. Бір ойын уақыты 15-30 минут арылығы. Жарыс швейцарлық жүйеде өтуде. Барлығы 7 ойын болады. Түске дейін 4 ойын, түстен кейін 3 ойын өткіземіз. Федерация бекіткен ережелерге сәйкес орындар анықталады, – дейді төреші. 

Тоғызқұмалақ ойынының нәтижесінде ерлер арасында 1-орынды Астана станциясының пойыз құрастырушысы Еркін Самит иеленді. Ал екінші орын «Нұрлы жол» вокзалы кешенінің қызметкері Бисенғали Амангелдіге берілді. Үшінші орынды компанияның заң блогының қызметкері Жанбота Шакиров алды. Әйелдер арасында компанияның Тасымалды басқарудың өңірлік орталығы қызметкері Айнұр Халелова жеңімпаз болды, екінші орынды әскерилендірілген күзет қызметінен Назерке Рахымжанова алса, ІТ қызметі бойынша маман Жазира Сыздықова үшінші орынға шықты.  

– Астана станциясында пойыз құрастырушы болып еңбек еткеніме 4 жыл болды. Тоғызқұмалақты мектепте 8 жылдай ойнағанмын. Өзім Қызылорданың тумасымын. Мектептен кейін ойнап тұрғаным осы. Бұл ойынға адамға локикалық ойлау қабілеті, математикалық жүйріктік, шыдамдылық қажет. Дәл қазір түске дейін 4 ойын болды, барлық қарсыласымды жеңдім, алда үш ойын бар. Жеңімпаз боларыма сенімдімін, – деді 1-орын иегері Еркін Самит.  

Қазақтың бес тас ойынын жандырып жатқан 15 теміржолшы қыз-келіншектің қасына барып, төреші Аслан Жүсіповті сөзге тарттық.  

– Бес тастың шарттары бойынша ойыншылар бірлік, екілік, үштік, төрттік, жалақ, алақан, төрт бұрыш, алмастыру, үндемес, сарт-сұрт, қаршу, нәби деген кезеңдері бойынша сүрінбей өтіп, тастарды құлатып алмай үздік ойнаса, жеңімпаз болады, – деді төреші. 

Бұл ойынның қорытындысында Техникалық саясат департаментінің қызметкері Аида Текебава барлық сынақтан сүрінбей өтіп, бірінші орын алды. Одан кейінгі үздік ойынды Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының қызметкері Әсем Айтибаева көрсетіп, екінші орынға шықты. Соңғы орынды Көлік сервисі орталығы (ЦТС) қызметкері Гаухар Наримбаева иеленді.  

Соңғы ұлттық ойын Арқан тарту жарысына 14 команда қатысты. Жеребе тастау арқылы әр команда екі тартысты ойында бақ сынады. Нәтижесінде қарсыластарына дес бермеген Магистральдық желі дирекциясының командасы жеңімпаз болса, олардан кейінгі орындарды сәйкесінше Астана станциясы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» филиалы командалары бөлісті. Барлық жеңімпаздар диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

 

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты