Қызылордада волейболдан сайыс өтті (Фото)

Спорт
26.12.2023, 10:42
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясындағы салалық мекемелердің қатысуымен волейболдан өткен жарысты «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының спорт бөлімі ұйымдастырып, демеушілік жасады.

Екі топқа іріктелген алты команда арасындағы жарыстың алғашқы іріктеу кезеңінде шеңберлі жүйемен ойын өткізген командалар, әр ойында жинаған ұпай санына қарай келесі кезеңге өтті. Доданың алғашқы іріктеу кезеңінде кездесіп бақ сынағанда 1-2 ұпай айырмашылығымен мәреге жеткен «НЖС» пен «НОД-ГП» құрамалары финалдық ойында да бас жүлдеге таласты. Дегенмен нысанаға допты дәл түсіруде «НОД-ГП» құрамасы қарсыластарынан айласын асырды. Сонымен 3-орын Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ34» құрамасына, 2-орын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС» құрамасына берілсе, 1-орынды Қызылорда қосалқы бөлімінің «НОД-ГП» құрамасы ойыншылары иеленді.  

Жарыста епті ойын, шебер техникасымен сәтті пас шығаруға машықтанғандар, қарсыластың добын тордан кері қайтару сәтін үйлесімді ұйымдастыра білген ойыншыларға да атаулы жүлде тапсырылды. Үздік қорғаушы аталымына Қызылорда қосалқы бөлімі инженері, «НОД-ГП» құрамасының мүшесі Талғат Сыздықов ие болды. «ДС Белкөл» құрамасының станция кезекші жанындағы операторы Жасұлан Аптыхалықов – үздік ойыншы, «ЭЧ-25» құрамасының ойыншысы Нұрғиса Мұратбек – үздік шабуылшы, ал «ВП-41» құрамасының кран машинисі Жандос Жүрсінов үздік үйлестіруші атанды.  

Жүлдегерлерге Бауыржан Ахметов басқаратын аймақтық кәсіподақ ұйымы атынан диплом, арнайы медаль мен қомақты қаржылай сыйлық табысталды.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті