Атыраулық желаяқтар жүлделі оралды

Спорт
08.01.2024, 12:02
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

2024 жылғы 2 қаңтарда Қарағанды қаласында 6 және 12 сағаттық жүгіру бойынша 15-ші жаңажылдық ультрамарафон өтті. Оған «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ құрама командасы атынан қатысқан атыраулық екі желаяқ бірінші орынды иеленді.  

Үміттерін үкілеп Атыраудан Қарағандыға барған олардың асығы алшысынан түсіп, айы оңынан туды десе болады. Жалпы, «Өз мүмкіндігіңнен асып түсу» ұранымен өткен марафонға жас айырмашылығына қарай 50 адам қатысқан болатын. Әйелдер арасында 36-50 жас аралығында қатысқан Атырау вагон депосының техникалық қызмет көрсету және жөндеу операторы Гауһар Толыбаева бұрынғы 93,300 шақырым орнына 96,600 шақырым жүгіріп, рекорд жаңартты.  

Ал, ерлер арасында 18-35 жас аралығындағы жарыста Мақат локомотив депосының машинисі Ерлан Жұпаров 12 сағат ішінде 120 шақырымға жүгіріп, ол да бірінші орынды иеленді. Бұл «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы және жалпы теміржолшылар қауымы үшін үлкен абырой, биік мерей!  

«Біздің жерлестеріміздің осындай жетістікке жеткеніне қуанып отырмыз. Екеуі де ондаған шақырымды қиналмай еңсеріп, жүзден жүйрік атанғаны зор мерей. Жеңімпаз қос желаяқтарымызға және барлық қатысушыларға қашан да табыс тілейміз», - дейді Атырау қосалқы бөлімшесінің спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиев.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды