Қызылордада волейболдан турнир өтті

Спорт
05.02.2024, 12:34
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Еңбегі ұрпаққа өнеге. Сіз біз үшін қымбатсыз!» деген ұранмен пайғамбар жасына жеткен ұжым басшысы, Құрметті теміржолшы, Қызылорда қалалық маслихатының депутаты Ибраким Басықараевтың құрметіне «Сейхун» сауықтыру кешенінде волейбол турнирі өтті.    

Тарлан теміржолшының ерен еңбегін үлгі етіп, теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен спорт сайысы қызыққа толы болды. Екі топқа бөлінген 4 құрама команда арасында айқыш тәсілімен өткізілген турнирде Қызылорда қалпына келтіру пойызының «ВП-41» құрамасы, Қызылорда магистральдық желі бөлімінің жеке шаруашылығы ұжымының қос командасы «НЖС-2» мен «НЖС-1» және Қызылорда өрт сөндіру пойызының «Норпож» құрамалары арасында аса тартысты бәсеке өрбіді. Біріне бірі дес бермей, қызу ойын ақыры мәреге жетіп, Қызылорда қалпына келтіру пойызының «ВП-41» құрамасы жүлделі 3-орынды қанағат тұтса, Қызылорда магистральдық желі бөлімінің «НЖС-2» командасы 2-орынды иеленді. Ал турнирдің басты сыйлығы мен жүлдесін Қызылорда магистральдық желі бөлімінің «НЖС-1» құрама командасы еншіледі. Ойынның үздік қорғаушысы М.Ермашов, үздік шабуылшы Ш.Батырханұлы, үздік ойыншы А.Шәкірбек танылды. «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов жүлдегерлерге естелік сыйлықтар мен арнайы диплом мен кубок, бағалы сыйлықтар табыстады. Ибраким Басықараев өз атынан арнайы жүлде тағайындап, табыс етті.  

Аймақ теміржолының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан майталман теміржолшының құрметіне орайластырылған спорт додасы үлкен мерекеге ұласып, оған қатысушылар да, жанкүйерлер де риза болып тарасты. Саналы ғұмырын Сыр елінің теміржолын дамытуға сарп еткен Ибраким Асқарұлының атына ыстық ықылас пен құрметке толы лебіздер айтылып,  зейнет  жасына жетіп отырған тарлан теміржолшының артына қалдырған өнегелі ізі жастарға үлгі етілді.  

– Менің әріптестерім, шәкіртім, әрқайсыңыздың  орныңыз мен үшін ерекше. Менің еңбегімді елеп, бағалап, осындай бұқаралық іс-шара ұйымдастырып отырған ұжымға алғысым шексіз. Қазақтың теміржолы, оны жасаушы нар тұлғалы теміржолшылар жасасын! – деп тілегін білдірді жиынды қорытындылаған  Ибраким Асқарұлы.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды