Иорданияда үстел теннисінен өткен жарыста маңғыстаулық теміржолшы топ жарды

Спорт
20.05.2024, 13:47
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық бұрынғы теміржолшы, қазіргі күні спортшылар қатарында еліміздің атын шығарып жүрген Мейірбек Өтепов тағы да жүлдеге ие болды. Шетелде өткен әйгілі жарыста пара үстел теннисі тарихында алғашқы күміс медальді жеңіп алды.    

Иорданияның Амман қаласында өткен «ITTF Al-Watani Para Championships 2024» жарысында пара үстел теннисінен 4-5 санат бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінген Мейірбек жеке жүйенің ширек финалында Ирак елінің спортшысына есе жіберсе, иорданиялық қарсыласынан 3:0 есебімен алға шықты. Сөйтіп үшінші орынға ие болды. Жүптық жүйеде үндістандық спортшымен бірігіп Иордания, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания елінен келген қатысушыларды жеңді. Финалда да жақсы ойын көрсетті. Тек қана Ирак елінің спортшыларынан 2:3 есебімен ұпай жағынан артта қалып, екінші орынға жайғасты.  

Аталған жарысқа Үндістан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Ирак, Филиппин, Шри-Ланка, Кувейт, Сирия, Кипр, Йемен, Малайзия және Қазақстан спортшылары қатысқан болатын. Сонша елден келген спортшылар арасынан Мейірбек Өтеповтің жүлдегер атануы үлкен жеңіс дейді маңғыстаулық спортшылар.

Еске сала кетейік, Мейірбек кезінде түбек теміржолында пойыз құрастырушы болған. Жұмыс кезінде орын алған оқыс жағдайдан бір аяғы мен бір қолынан айрылып, мүгедек болып қалғанына қарамастан еңсесін қайта тіктеп, спортпен тұрақты түрде айналысып, көп жетістікке  қол жеткізіп жүр.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды