Сұрмерген cтанция бастығы

Спорт
23.05.2024, 10:49
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан темір жолы мен Маңғыстау темір жолының мерейтойларына арналған спорттық сайыстар жалғасын табуда. Жуырда Болашақ станциясында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Түркіменстанмен шекаралас станцияда өткен спорттық шараның ашылу салтанатына Болашақ ауылының әкімі, шекара заставасының командирі, станция бастығы қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Жарысқа Болашақ станциясындағы теміржол мекемелерінен құралған 6 команда және   шекарашылар командасы қатысты. Сайыс қызықты өтіп, жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. I орынға Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының командасы ие болса, II орын Болашақ станциясы ұжымына, III орын шекара заставасының жігіттеріне бұйырды. Жеңімпаз командалармен қоса сайыстың үздік ойыншылары да марапатталды.  

 – Ерекше тартымды ойын болды. Есте қалар тұстары да көп болды. Мысалы Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбековтің ойынға қатысып қана қоймай қатарынан бірнеше гол салып, «Сұрмерген» номинациясын жеңіп алуы нағыз сенсация болды. Басшылық қызметтегі азаматтарымыздың жоғары белсенділігі өзгелерге үлгі болуы керек, – дейді Маңғыстау аймағы бойынша спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.

Жарыстың «Үздік шабуылшы» аталымын белгі беру және байланыс саласының маманы Саламат Жанғозиев, «Үздік футболшы» номинациясын теміржол күзетінен Арсен Аяған, «Үздік қақпашы» марапатын белгі беру және байланыс дистанциясынан Рахмет Башбалаев алды. Шекара заставасының қызметкері Әли Розиев «Үздік қорғаушы» атанды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды