Балалар арасында футболдан турнир өтті (Фото)

Спорт
03.06.2024, 12:33
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Халықаралық балалар мерекесіне орай ҚТЖ-да балалар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Биыл үшінші жыл өткізілген турнирге 7 команда қатысты.  

Әр командада 10-12 жас аралығындағы 8 баладан,  өз атаулары бар, компания тарапынан бір-бірін қайталамайтын спорттық киім киіп, алаңға шыққан балалар футболы ерекше тартысты өтті. Өзара оншақты ойын өткізіп, ақтық финалға шығуға, жүлделі орын алуға барын салған жас футболшылар – ҚТЖ-ның түрлі мекемелерінде, еншілес ұйымдарында еңбек ететін теміржолшылардың балалары. Турнирдің ашылуына қатысқан ҚТЖ Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова балалардың ойынына сәттілік тілеп, олардың спортты серік етуі – ата-аналарынан алған үлгі-өнегесі екенін жеткізді.  

Жарыс соңында үздік командалар жүлделі орындармен және өзінің озық машығын көрсеткен балалар «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылдаушы» сияқты аталымдар бойынша марапатталды.  

Нәтижесінде бірінші орынды «Локомотив», екінші орынды «Тұлпар», үшінші жүлдені «Астана» және төртінші орынды «Метеор» командалары еншілеп, олар арнайы дипломдарға және «Қазкөліккәсіп» ҚБ демеушілігімен бағалы сыйлықтарға және тәттілерге ие болды.  

– Әкем – «Вагонсервис» мекемесінде бөлім бастығы болып жұмыс істейді. Жасым 11-де. Астанадағы №45 мектепте 5-сыныпты бітірдім. Әкем спортпен айналысқанды ұнатады, мені де спортқа баулиды. Өзіме футбол ойнаған өте ұнайды. Бүгін турнирге қатысып, көптеген достар таптым, бәрі де әкемнің әріптестерінің балалары, - дейді «Астана» командасының жас футболшысы Абай Қалиакпар.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды